Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы «20» тамыздағы № 68-ө өкімі

Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

Премьер-Министр                                     К.Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу