Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «19» қарашадағы № 107-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі:

1) тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметінің қарауына енгiзсiн;

2) тізбеге сәйкес тиiстi ведомстволық нормативтік құқықтық актiнi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.

Премьер-Министр                                                                             К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу