Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «10» желтоқсандағы № 130-р өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу