Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «08» қыркүйектегі № 79-ө өкімі

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы

Стратегиялық объектілер мәселелері жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу