Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «07» қазандағы № 90-ө өкімі

Украина Президенті П.А. Порошенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

2015 жылғы 8 – 10 қазан кезеңінде Украина Президенті   П.А. Порошенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу мақсатында:

  1. 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Астана қаласына сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

  2. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен «1+1+8» форматы немесе өзара түсіністік қағидаты бойынша Украинаның ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2015 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»,
    003 «Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

  3. 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Украинаның ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

  4. 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Украина Президенті П.А. Порошенконың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;

2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды;

3) сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

  1. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан Украина Президенті П.А. Порошенконың құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықтық қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.

  2. 6. Астана қаласының әкімдігіне Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп:

1) Украинаның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын ұйымдастыруды;

2) Украинаның ресми делегациясын баратын бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды;

3) Украина ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, бірге жүретін адамдарға қөлік қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

  1. 7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Украина Президенті П.А. Порошенконы ресми қарсы алу және шығарып салу рәсімдеріне қатыссын.

  2. 8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Украинаның ресми делегациясын Астана және Қарағанды қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.

  3. 9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

  4.  

Премьер-Министр                 К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу