Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «04» желтоқсандағы № 123-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:

1) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

Премьер-Министр                                                                         К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу