Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «02» қыркүйектегі № 76-ө өкімі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағыҚазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 маусымдағы № 95-ө және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мынадай өкімдеріне өзгерістер енгізілсін:

  1. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы
    № 95-ө өкімінде:

көрсетілген өкіммен бекітілген «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесiнде:

реттік нөмірлері 24, 25 және 29-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

24. Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі қызметті   лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ИДМ, ҰЭМ, ІІМ, Қорғанысмині

2015 жылғы

қараша

25. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті   лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы ИДМ, ҰЭМ

2015 жылғы

қараша

                                                                                                                          »;

«

29. Монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ИДМ, ҰЭМ, Қорғанысмині

2015 жылғы

қараша

         »;

ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі.»;

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкімінде:

көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің тізбесінде:

реттік нөмірлері 323, 324 және 325-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

323. Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы бұйрық ИДМ, ҰЭМ, ІІМ, Қорғанысмині

2015 жылғы

желтоқсан

324. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы бұйрық ИДМ, ҰЭМ, ІІМ, Қорғанысмині

2015 жылғы

желтоқсан

325. Монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы бұйрық ИДМ, ҰЭМ, ІІМ, Қорғанысмині

2015 жылғы

желтоқсан

 

Премьер-Министр                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу