ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында 2019 жылғы қаңтар–сәуір айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды.

ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов қаңтар–сәуір айларында ЖІӨ өсімі 4% жеткінін айтты.

«Қаңтар-наурызда ол 3,8% құрады. Аталған қарқынға өңдеу өнеркәсібіндегі, қызметтер саласындағы жеделдеу, сондай-ақ, құрылыс пен ауыл шаруашылығындағы тұрақты қарқындардың арқасында қол жеткізілді», — деді Р. Дәленов.

Инвестициялар серпіні жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан асып түседі. Өсу 6,7%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында, құрылыста және өнеркәсіпте инвестициялар айтарлықтай өсті. Биылғы 1 сәуірде халықаралық қорлар $86 млрд құрады.

Қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісі 2,9%-ға өсті. Өсім өңдеу өнеркәсібіндегі озық қарқындары есебінен қамтамасыз етілді.

«Өңдеу өнеркәсібінде өсуге бағытталған тренд сақталып отыр. 4 айда шығарылым 3,5% дейін ұлғайды. І тоқсанда өсу 1,6% құраған болатын. Өңдеу қарқынының артуына мұнайды қайта өңдеудегі, машина жасаудағы, сусындар өндірудегі өсудің үдеуі, сондай-ақ фармацевтиканың плюстік аймаққа шығуы әсер етті», — деді Р. Дәленов.

Ал құрылыс саласындағы серпін тұрақты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,4%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын ұстап тұр. Өндіріс көлемі 3,6%-ға артты. Өсу мал шаруашылығының 3,7%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы өткен жылғы деңгейде сақталды.

Сонымен қатар, өсудің жеделдеуі көрсетілетін қызметтер саласында байқалады. Есепті кезеңде ол І тоқсандағы 3,7% қарағанда 4,2% өсті.

«Сауда – көрсетілетін қызметтер сегментінде өсудің алдыңғы қатарында. Оның өсуі 7,3% деңгейінде тіркелді. Бұл негізінен автокөлік құралдарын, автобөлшектерді, мұнай өнімдерін және жанар-жағар май сатуды арттырумен байланысты», — деді ұлттық экономика министрі.

Көлік саласында 4,8%-ға дейін үдеу тіркелді: әуе көлігінің жүк айналымы 1,9 есеге, автомобиль көлігінің жүк айналымы 9,7%-ға өсті.

Осы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы $20,4 млрд құрағанын айта кеткен жөн. Экспорт көлемі $13,3 млрд құрады. Мұнай мен металдарды қоспағанда экспорттық жеткізілімдердің өсуі екі таңбалы санға жетті – 19,8%.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев 2019–2020 жж. инфляция белгіленген мақсатты дәліз 4-6% шегінде сақталғанын айтты. Жыл басынан бері көрсеткіш 1,8% құрады. Сәуірде айлық инфляция 0,5% құрады. Теңге жыл басынан бері 1% нығайды.

«7-20-25» бағдарламасы аясында 12 830 өтінім қабылданды. Бүгінде 88,2 млрд тг жалпы сомасына 7 633 өтінім мақұлданды, оның 74,9 млрд теңгеге 6 380-і берілді.

Салалық бағыттар бойынша көрсеткіштердің төмендеу себептері және оң қарқынға қол жеткізу үшін жасалып жатқан жұмыстарды қарау барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Нұр-Султан қаласының әкімі Б. Сұлтанов баяндама жасады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр мәлімдегендей, ағымдағы жылдың соңына дейін көмір өндіру, қара металлургия, темір кенін өндіру көлемі бойынша жағдай ретке келтіріледі.

«Көмір өндіруші компаниялардың келісімшарттары бар, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткіземіз. Қара металлургияға келер болсақ, тәулігіне 12 мың тоннаға жетті, мамыр айының соңына қарай шамамен 340 мың тонна болат шығарылады, мамыр айының соңына дейін қара металлургия өндірісінің жоспарланған көрсеткіштеріне жетеміз», — деді Р. Скляр.

ҚР энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов биылғы төрт айда мұнай өндіру көрсеткіштері 29,5 млн тоннаны құрағанын, бұл жоспарға 100% сәйкес екенін айтты. Алайда, өткен аймен салыстырғанда, ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталуы тиіс, кен орындарындағы жоспарланған жұмыстармен байланысты 1,1% -ға төмендеу байқалады. Жұмысты қалпына келтіруге байланысты жыл соңына дейін мұнай өндіру көрсеткіштері жоспарланған кестеге сәйкестендіріледі.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 14 мамыр 2019

Мұрағат

Мамыр
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту