Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің өңдеу өнеркәсібін және шикізаттық емес экспортты дамыту және қолдау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыру қажеттігін атап көрсетті.

Кеңес барысында өңдеу өнеркәсібін, туризм, көлік және логистика салаларын одан әрі қолдауға бағытталған ұсыныстар пакеті қаралды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын қолдауға ерекше көңіл бөлінді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, қабылданып жатқан шаралар қазақстандықтар күнделікті тұтынатын шамамен 120 азық-түлік өнімін және 250 өнеркәсіптік тауар өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді. Аталған тауарлар өндірісін дамыту, ең алдымен, импортты алмастыруға бағытталған.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев кеңес қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға барлық ұсыныстарды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 11 ақпан 2019

Мұрағат

Ақпан
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту