Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі бойынша кеңестер легі басталды.

Кеңес барысында агроөнеркәсіп және отын-энергетика кешендерін дамыту, жаппай кәсіпкерлік, сауда саласын жаңғырту секілді бағыттар бойынша бірінші жарты жылдықтағы өсімнің негізгі көрсеткіштері талқыланды. Сондай-ақ, 2018 жылға арналған жұмыс жоспарлары, Қазақстан экономикасының өсім моделін трансформациялауға салалардың қосар үлесінің әлеуеті мен қорлар қаралды.

Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы өнімдері мен қызметтерінің жалпы шығарылымы 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 4%-ды құрағанын мәлімдеді. Өндіріс көлемінің ұлғаюы тірі салмағында мал және құс сою көлемінің 5%-ға, шикі сиыр сүтінің — 3%-ға, тауық жұмыртқасының —14,3%-ға артуына байланысты болды.

Энергетика министрі Қ. Бозымбаев бейнеконференция байланысы режимінде ОЭК бағыты бойынша жалпы қосылған құнның өсімі 2018 жылдың 1 тоқсанында жоспар 2,7% кезінде 5,4% құрағанын айтты. Бұл осы жылдың қаңтар-маусым айларында мұнай (45,2 млн тоннаға) және газ (28,1 млрд текше метр) өндіру көлемінің ұлғаюымен байланысты. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың нақты өсімін қамтамасыз ету жоспардағы 3,1% кезінде 43,1%-ды құрады. Өнім шығарудың мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес нақты мәнде жарты жылдық жоспар барлық көрсеткіштер бойынша дерлік орындалды.

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың айтуынша, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша әрекет етуші ШОБ субъектілерінің саны 1 196 974 құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44 598-ге жоғары. Сонымен қатар, алты айдың қорытындысы бойынша барлық өңірлерде ШОБ жалпы қосылған құн көрсеткішіне қол жеткізілді.

Ішкі сауда көлемінің өсімі 2018 жылдың 1 жарты жылдығында 105,9% құрады. Бөлшек сауда көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 105,6%-ға, көтерме сауда көлемі 106,1% өсті. Бөлшек сауданың өсуі негізінен халықтың нақты кірістерінің 2018 жылдың 1 тоқсанында 3,7%-ға өсуі есебінен халық сұранысының артуымен себептеледі. 2018 жылдың 1 тоқсанында сауда саласында жұмыспен қамтылған халық саны 1 387,6 мың адамды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауларында озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында тұрақты даму және орташа әлемдік экономика өсімінен жоғары өсім қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған елімізді дамытудың негізгі басымдықтарын белгілеген.

Аталған міндетті тиімді іске асыру аясында Үкімет жобалық басқару механизмін әзірледі. Осы жүйе арқылы бір мемлекеттік органның құзыреті шегінен шығатын және елеулі экономикалық әсерге қол жеткізуге бағытталған мәселелерді шешуге болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 11 шілде 2018

Мұрағат

Шілде
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту