Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан елордасына XI Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директорының орынбасары Алан Вулфпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның ДСҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайту, сауда-саттық рәсімдерін жеңілдету бойынша ДСҰ-ның келісімін тиімді іске асыру, сонымен қатар көпжақты сауда жүйесіне Орталық Азия аймағын белсенді ықпалдастыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, электрондық сауда-саттықты дамыту, инвестицияларды ынталандыру, шағын және орта кәсіпорындарды халықаралық сауда-саттыққа интеграциялау мәселелері қаралды.

Анықтама: ДСҰ құрылуының ресми күні — 1995 жылғы 1 қаңтар. Ұйымның штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) орналасқан. 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры болып Роберто Азеведо тағайындалды, ол екінші 4 жылдық мерзімге қайта сайланды. 2013 жылғы 1 қыркүйекте Р. Азеведо Дүниежүзілік сауда ұйымының алтыншы Бас директоры болды.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 164 мемлекет ДСҰ-ның толық құқықты қатысушысы болып табылады, олардың үлесіне әлемдік тауар айналымының 98% тиесілі.

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 30 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болды. 21 мемлекет ДСҰ-ға бақылаушы мәртебесіне ие және олардың көпшілігі осы Ұйымға қосылу туралы келіссөздерді жүргізіп жатыр. 60-тан астам халықаралық ұйым ДСҰ түрлі құрылымдарында бақылаушы мәртебесіне ие.

Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелік етуінің алғашқы 2,5 жылында еліміздің Ұйым жұмысына белсенді қатысуы байқалады. 2017 жылы Сауда және қоршаған орта жөніндегі ДСҰ Комитетінің төрағалығын сәтті аяқтағаннан кейін Қазақстан 2018 жылы ДСҰ-ның Сауда-саттық қызметтері бойынша арнайы сессиясының төрағасы ретінде сайланды, бұл елімізге деген мүше елдердің сенімі мен Қазақстанның жоғары беделін көрсетеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 16 мамыр 2018

Мұрағат

Мамыр
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту