Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елімізде мал шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында саланы дамытудың негізгі бағыттары, ірі қара малдың санын көбейту және жоғары сапалы сиыр етін өндіру, соның ішінде экспортқа шығару, сондай-ақ мал шаруашылығы фермаларын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, фермерлік шаруашылықтарды қаржыландыру тетіктері, несиелеу мүмкіндіктерін кеңейту және салаға стратегиялық инвесторларды тарту мәселесі қарастырылды.

Кеңеске қазақстандық ғалымдар, халықаралық сарапшылар, мал шаруашылығы саласының өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ селектор режимінде облыстардың әкімдері қатысты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов, ҚР-дағы Азия банкі өкілдігінің директоры Д. Капаннелли, «Cedar Meats Австралия» бас менеджері Э. Л. Фернихоф, Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі Е. Нұғманов, «Қаршыға» ШҚ (Ақтөбе облысы) басшысы А. Жетенов және т. б. баяндама жасады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 14 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту