Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында отандық ғылымды дамыту мәселесі талқыланды. Соның ішінде, 2018–2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жоспарлары қаралды.

Бұл мәселе бойынша білім және ғылым министрі Е. Сағадиев баяндама жасады.

Сондай-ақ, талқылауға Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мүшелері қатысты: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов, қаржы министрі Б. Сұлтанов, «Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті М. Жұрынов, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми–зерттеу институты» ЖШС бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев және т.б.

Анықтама: Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар әртүрлі салаларда, соның ішінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; энергетика және машина жасау; ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар; жаратылыстану ғылымдары, өмір туралы ғылымдар және денсаулық саласындағы ғылыми зерттеулер, «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері және т.б бағыттар бойынша ұсынылған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 06 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту