ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев еліміздің Қауіпсіздік кеңесі құзыретін күшейтетін заң жобасын қабылдау қажеттігіне қатысты пікір білдірді.

Аталған министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін Марат Бекетаев БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Журналистер Қауіпсіздік кеңесі қызметінің мәселелеріне арналған заң жобасына қатысты кейбір сарапшылардың «билік транзитіне дайындық» үшін жасалып жатыр деген пікірлері бар екендігін айтты. Олар министрден аталған мәселеге орай пікір білдіруді сұрады.

«Мен сарапшылардың пікірімен келіспеймін және мұны жоспарлы жұмыс санаймын. Бізде конституциялық реформа жүргізілді. Аталған конституциялық реформаның аясында Елбасының барлық уақытта да Қауіпсіздік қызметін басқаратындығы айқындалған. Бұл факті Елбасының айрықша мәртебеге, халықтың айрықша сеніміне ие екендігін білдіреді. Бұған қоса, қазіргі терроризм мен экстремизм қаупі бар кезде халық үшін, тұрғындар үшін, еліміз үшін тұрақтылық факторы барынша маңызды. Сондықтан сөз еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз ететін механизмдерді күшейту жайында болып отыр», - деді министр.

Сонымен қатар Марат Бекетаев Елбасының жоғары беделінің арқасында еліміз өңірдегі тұрақтылықты да қамтамасыз етіп отырғандығын баса айтты.

Айта кетейік, таяуда ҚР Парламентінің Мәжілісі Қауіпсіздік кеңесі қызметінің мәселелері жөніндегі заң жобасын қарауына алған болатын. Заң жобасын еліміздің Әділет министрлігі әзірлеген.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 08 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту