2021 жылға дейін табиғи монополиялар субъектілері жаңғырту жұмыстарына 2 трлн теңгеден астам қаржы салады. Бұл туралы Мәжілісте «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасын таныстыру барысында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтты.

Министрлік 2015 жылдан бастап инвестицияға тартуға қатысты ауқымды жұмыстарды жүргізуде. Табиғи монополиялардың барлық субъектілері бес және одан артық мерзімдегі шекті тарифтерге көшірілді. Бұл халық пен заңды тұлғалар үшін тарифтердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2021 жылға дейін бес жылға болжанып отырған инвестициялардың жалпы сомасы  2 трлн теңгеден асады деп күтілуде», - деді Жұманғарин.

 Атап айтқанда, электр энергиясын беру саласында инвестициялар 500 млрд теңгеден асады, сумен қамтамасыз етуде - 100 млрд теңгеден астам, жылымен қамтамасыз ету - 200 млрд теңге, газды тасымалдауда - 500 млрд теңге, теміржол саласында 600 млрд теңге қарастырылған. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 348 млрд теңге игерілді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 08 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту