2017 әділет органдарының 11 қызметкері сотталды. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Данияр  Айтмұхаметов  айтты.

«Әділет министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу және көріністерінің жолын кесу болып саналады. 2017 жылы әділет аумақтық органдарының қызметкерлеріне қатысты 10 қылмыстық іс қозғалып, 11 қызметкер сотталды. Орталық аппарат қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Көріп отырғанымыздай, 2017 жылы жемқорлық деңгейінің төмендеуіне ықпал еткен нақты нәтижелерге қол жеткіздік», - деді Данияр Айтмұхаметов  ведомствоның алқа отырысында.

Оның айтуынша, Әділет министрлігі жемқорлықтың алғы шарттарын, себептерін және оны туындататын жағдайларын жоюға бағытталған кешенді шараларды қабылдауда. Олардың бірі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылып, жеке сот орындаушылары институты енгізілген.

«Жеке сот орындаушыларының құзыретіне тұрғын үйге қоныстандыру, қоныстан шығару, үйлерді сүру, жер телімдерін алу, мемлекет мүддесіне соманы өндіріп алуды қоспағанда барлық атқарушылық құжаттар берілген. Соның нәтижесінде атқарушылық құжаттардың басым бөлігін жеке сот орындаушылар атқарады. Менің ойымша, сот орындаушыларын жеке ортаға беру  жемқорлық көріністерді жоюға айтарлықтай септігін тигізді. Өйткені, жеке сот орындаушысының негізгі табысы оның жұмысының нәтижесіне байланысты», - деді министрлікті жауапты хатшысы.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 08 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту