Қазақстандықтар зияткерлік меншіктеріне патент алуда белсенді болып келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан айтты.

«Зияткерлік меншік нысандарын тіркеуге берілген жалпы өтінімдер 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артты. Мәселен, тауарлық белгілерге берген өтінімдердің саны - 0,8, өнер табысқа - 0,6, пайдалы модельдерге - 16,3, селекциялық жетістіктерге - 94, тауардың шыққан жерінің атауына 100 пайызға артты», - деді ол Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, электронды түрде берілген өтінімдердің саны 47,5 пайызға артқан. Толықтай алғанда, мемлекеттік қызмет көрсетуге берілген өтінімдердің саны 2,5 пайызға ұлғайған. 2016 жылмен салыстырғанда пайдалы модельдерге берілген патенттердің үлесі 2,4 пайызға көбейген.

Сонымен қатар вице-министрдің сөзіне қарағанда, 2017 жылы тауар белгілерін пайдалану бойынша заңнама талаптарының сақталуына 208 тексеру жүргізілген. Бұл 2016 жылғы тексерулерден 13 фактіге артық.

«Тексеру нәтижесінде 168 құқық бұзушылық анықталды. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2016 жылы 67 құқық бұзушылық анықталған еді. ҚР ӘҚБК 158-бабы бойынша 167 әкімшілік іс қозғалып, соттар 159 істі қарады. Әкімшілік жауапкершілікке 158 тұлға тартылды. Тағы 8 әкімшілік іс сот қарауында», - деді Наталья Пан.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 08 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту