Қазақстанда 2017 жылы тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктер үшін 12,5 млн тонна көмір түсірілді.

Екібастұзда өткен кеңесте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылы Қазақстанда оның алдыңғы жылмен салыстырғанда көмір 8,3 пайызға артық өндірілгенін айтты. Тұрмыстық-коммуналдық мақсатта  республика бойынша 12,5 млн тонна көмір түсірілді.

Бозымбаевтың айтуынша, елімізде көмір өндірісінің көлемі ұлғайып келеді. Ол сонымен қатар, қаңтардағы қатты аяздар көмір түсіру кестесіне кедергі келтіргенін жеткізді.

Алматыдағы бірқатар елді мекендер мен теміржол тұйықтарында, ШҚО, Алматы, Жамбыл облыстарында көмір тапшылығы байқалды.

«Көмірмен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті басқару органдарының құзырында», - деді Энергетика министрі.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 07 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту