ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кадрлық қызметтің жаңа форматын енгізуде. Бұл туралы осы Агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.

Ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде персоналды басқару қызметін жаңғыртудың маңыздылығына тоқталған А. Шпекбаев «Қазіргі таңда кадр қызметінің жұмысы жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату бойынша бұйрықтар дайындау мен рәсімдеуге, сонымен қатар, формалды тәртіптік бақылауға негізделген», -  деді ол ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, кадрлық бөлім  кадрлық іс-қағаздарды жүргізумен бірге ең тиімді кандидаттарды іріктеуге, құзіреттілікті басқаруға және қызметкерлердің кәсіби дамуына, олардың жұмыстарының тиімділігін арттыруға, персоналды дамыту бағдарламасын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар персоналды басқару мәселелерінің аясында әлеуметтік-психологиялық диагностикадан мемлекеттік органның кадрлық әлеуетін талдауға дейінгі мәселелерді қамтуы тиіс.  HR-қызметтер ұжымдағы қолайлы психологиялық ахуалдың қалыптасуына жауапты. 

«Құжаттармен жұмыс істеуден адамдармен жұмыс істеуге көшу қажет. Бұған байыптылықпен қарауларыңызды сұраймын. Өз тарапымыздан, біз әдістемелік көмек көрсететін боламыз», -деді Алик Шпекбаев жауапты хатшылар мен аппарат басшыларына қарата айтқан сөзінде.

Осы орайда ол  осы бағыттағы алғашқы қадамдарды Агенттік жасайтынын атап өтті.

«Ағымдағы жылы біз «Жалпы қызмет көрсету орталығы» идеясы негізінде кадрлық қызметтердің жұмысында түбегейлі жаңа форматқа көшеміз. Яғни, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру мәнінде өзекті болып табылатын барлық кадрлық үдерістер бірыңғай Агенттіктің бөлімшелерінде жүргізілетін болады» - деп сөзін қорытындылады.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 31 қаңтар 2018

Мұрағат

Қаңтар
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту