Әділет министрлігінің мемлекеттік бақылау қызметі Қаржы министрлігіне өтеді. Бұл жайында бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Әділет министрі Марат Бекетаев айтты.

Айта кетерлігі, ол сенаторлардың назарына «Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы» ҚР заңының жобасын таныстырған болатын.

«Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасында бағалау қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында министрліктің бағалау қызметі салаларындағы функцияларын өзін-өзі реттеу саласына беру ұсынылады. Сонымен бірге мемлекеттік бақылау Қаржы министрлігінің қызметіне өтеді. Реттеушілік әсердің талдау қорытындысы бойынша неғұрлым тиімді шешім ретінде міндетті мөлшерлік негізіндегі өзін-өзі реттеу құралы анықталды. Бұл ретте негізгі заң жобасында  өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің санын 300 бағалаушы жеке тұлға деңгейінде бекіту ұсынылып отыр», - деді министр.

Оның айтуныша, өзін-өзі реттеудің субъектілері болып, жеке тұлғалар танылады. Бағалау қызметі өзінің кәсіпкерлік сипатына байланысты өзін-өзін реттеу моделіне неғұрлым қолайлы. Аталған модель АҚШ-та, Ресейде, Канадада, Ұлыбританияда, Финляндияда және Италияда бар. Бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қағидаттарына сәйкес келеді.

Жеке тұлғаларды лицензиялаудың орнына бағалаушыларды сертификаттауды енгізу ұсынылады. Сертификаттау жүргізу тәжірибесі Қазақстанда аудиторлық қызмет саласында және шетелдердің бағалау қызметі саласында бар екенін атап өткен жөн. Аталған ережені Қазақстан заңына сәйкестендіру үшін ілеспе заң жобасында, Азаматтық кодекске, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңға өзгерістер енгізу көзделген»,- деді Сұлтанов.

Оның айтуынша, бағалаушылар палатасы жұмысына өзін-өзі реттеудің екі тетігін енгізеді. Біріншісі - бағалау сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Екіншісі  - бағалаушылар палаталарының бағалаушылардың есептеріне сараптама жүргізудің рәсімі.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 28 желтоқсан 2017

Мұрағат

Желтоқсан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту