ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев валютаны реттеу және валютаны бақылау мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстырды.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, жаңа заң жобасының мақсаты — Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру жағдайында валюталық заңнаманың жоспарлы өзгеруі.

«Заң жобасының басты міндеті – валюталық операциялардың статистикалық мониторингін қамтуды кеңейту және Қазақстан аумағында шетел валютасын пайдалануды қысқарту. Аталған нормаларды іске асыру валюталық операциялар туралы ақпаратты таратуды ұлғайтады, валюталық бақылаудың тиімділігін арттырады, оның ішінде елден ақша қаражатын шығаруға қарсы әрекеттердің тиімділігін арттыруға жол ашады», — деді Данияр Ақышев.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы негізгі өзгерістер ретінде мыналарды атап өтті: шетелдік ұйымдардың бөлімшелерін резидент ретінде тану; трансшекаралық сипаттағы валюталық операциялардың ауқымын кеңейту; капиталды шығаруға бағытталған операциялар бойынша валютаны бақылауды күшейту, сондай-ақ Қазақстан аумағында валюталық құндылықтардың айналымын түсіндіру және резиденттер арасында рұқсат етілген валюталық операциялардың тізбесін анықтау. Сонымен қатар Данияр Ақышев заң жобасында либералдық валюталық режимнің қағидаларын сақтау қарастырылғанын атап өтті.

«Ешқандай қаталдандыру жоқ, бұл шарттарды қаталдандырумен ешқандай байланысы жоқ жоспарлы заң жобасы», — деп түсіндірді Үкімет отырысының қорытындысы бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Ұлттық банкі төрағасы.

Данияр Ақышевтің айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінен кейін бөлімшелер мен өкілдіктер санының ұлғаюы күтіледі, бұл ел ішінде шетел валютасындағы төлемдердің ұлғаюына әкеледі, ол ұлттық мүдделерге сәйкес келмейді. Осыған байланысты қазақстандық контрагентпен шетелдік ұйымдар бөлімшелерінің есептерін теңгеге аудару ұсынылады. Сонымен бірге осы заңның енгізілуіне дейін қол қойылған шарттарға қатысты жағдайдың нашарлауына еш себеп жоқ.

«Заң жобасының енгізілу мерзімі – 2019 жылғы 1 шілде», — деді қорытындылай келе Данияр Ақышев.

Қарау нәтижесі бойынша ұсынылған заң жобасы бірауыздан қабылданды және ҚР Парламентіне жіберіледі.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 26 желтоқсан 2017

Мұрағат

Желтоқсан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту