ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы – Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2014 жж. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды.

2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 08 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту