Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ағымдағы жағдай және Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды. 

Анықтама: 2016 жылы елдер арасындағы өзара сауда $1,1 млрд (экспорт – 558,6 млн, импорт – 552,9 млн) құрады. 2017 жылғы қаңтар-шілдеде аталған көрсеткіш $769,1 млн-ға (экспорт – 565 млн, импорт – 203,8 млн) жетті.

ҚР-ға жапон инвестицияларының бірлескен түсімі соңғы 10 жылда $6,3 млрд-тан асты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тікелей инвестициялар $470 млн құрады.

Қазақстанда жапон капиталының қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын бар, олар мұнай мен газ, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автомобильдерді көтерме сату, электр байланыс, жабдықтардың көтерме саудасы, ағаш дайындау және логистика сияқты салаларда жұмыс жасайды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 08 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту