Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты  автобус маршруттары жоқ. Бұл өз кезегінде шекараны өту кезінде қолайсыз жағдайға алып келеді. Сол себепті Хаттама күшіне енгеннен кейін осы жылы Шымкент-Ташкент қалалары арасында, ал келесі жылы елдердің басқа қалаларымен қатынас бойынша тұрақты автобус бағдарларын ашу жоспарлануда. Екі елдің арасында автобус бағдарларын ашу сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамытуға оң серпін береді, сондай-ақ халықтың мобильділігін арттыруға және екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді»,-деді   ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасын таныстыру барысында.

Осы орайда ол Хаттамаға сәйкес автомобиль көлігімен жолаушыларды тұрақты және транзиттік тасымалына құқықтық норма орнатылатынын атап өтті. 

«Аталған Хаттаманы ратификациялау бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді»,-деді Ж. Қасымбек.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 12 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту