ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан мен Норвегия үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалы жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

«Қазіргі кезде 41 шет елдермен автомобиль келісімі жасалған және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Аталған құжатқа сәйкес, екіжақты транзиттік тасымалдар, сонымен қоса үшінші елдерден немесе үшінші елдерге тасымалды рұқсат беру негізінде жүзеге асырылады. Аталған шарттар отандық тасымалдаушылар үшін тиімді. Өйткені қазіргі уақытта екі ел арасындағы жүк тасымалдарын үшінші елдердің өкілдері, яғни Беларусь және Ресей көлік компаниялары іске асыруда»,-деді министр ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасын таныстыру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы Қазақстан мен Норвегия арасында автомобильмен жүк тасымалының көлемі 53 пайызға ұлғайды.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 12 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту