Дін мәселелері бойынша өткен семинар барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға уақытылы қол қойғанын хабарлады. Оған сәйкес террористік және басқа да аса ауыр қылмыс жасаған қазақстандықтар азаматтығынан айрылады.

Бүгінгі таңда шетелде лаңкестер лагерінде Қазақстанның 500 азаматы бар.

Қазіргі таңда сирия-ирак аймағында террористік топтар үшін жағдайдың қиындап жатқанын білеміз. Қылмыскерлер шегіну жолдарын, соның ішінде өздерінің бұрынғы тұрған жерлеріне қайту мүкіндіктерін іздестіруде. Алайда, бұл олардың қылмыстық пиғылдарынан бас тартқанын білдірмейді.

Сондықтан, қазақстандықтардың ішінен шыққан осындай адамдар қылмыстық тәжірибе жинақтап, елімізге арам ниет-оймен оралуы мүмкін. Осыған орай, жаңа толықтыруларда азаматтықтан айыру мүмкіндігі қарастырылуда.

«Мәселе терроризм актілерін, террористік топтарды құру және басқару және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ республикамыздың ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне аса ауыр зиян келтіру туралы болып отыр. Сот істің мән-жайын, жасаған әрекетінің ауырлығын, келтірген зардаптарын толық зерделеу негізінде ерекше жағдайларда ғана азаматтығынан айырады» - деп нақтылады министр.

Туған жерін тастап, шетелге террористік құрылымдарға қатысуға кеткен адамдар Отанына опасыздық жасағандарға теңеледі.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі

Жарияланды: 14 шілде 2017

Мұрағат

Шілде
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту