Мемлекет басшысының халықаралық қызметі мен Қазақстанның интеграциялық жобаларға қатысуы елімізге экономикалық дипломатияны дамытуға едәуір көмектеседі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов хабарлады.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) желісі бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда ҚР СІМ сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және он елмен ЕАЭО еркін сауда аймағын құру бойынша келіссөздерге бастамашы болды.

ҚХР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім әзірленіп жатыр, Үндістанмен, Сербиямен келіссөздер басталды, Израиль, Сингапур, Мысыр және Иранмен еркін сауда аймақтары туралы келісім жасалуда. ЕАЭО-мен серіктестікке Оңтүстік Корея мен Оңтүстік Американың кейбір елдері, оның ішінде Чили мен басқалары қызығушылық танытып отыр.

Ағымдағы жылы үшінші елдермен, интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ЕАЭО халықаралық келісім-шарттар туралы келісім бойынша жұмысты аяқтау жоспарланған. 2018 жылдың басынан бастап кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және автоматтандыруға, қатысушы елдердің азаматтары мен кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа ЕАЭО Кедендік кодексі күшіне енеді.

Интеграциялық жобалар аясындағы ынтымақтастықтан бөлек, Қазақстан екіжақты халықаралық байланыстарды белсенді реттеуді жалғастырады.

«Қазақстанда экономикалық дипломатияны дамытуға Мемлекет басшысының өзі ерекше назар аударатынын атап өткен жөн. Шетелге ресми сапарлардың іс жүзінде барлығы ҚР Президентінің шетелдік бизнес қауымдастықпен жеке кездесулерін көздейді, онда коммерциялық келісімдер жасалады», - деді Қ. Әбдірахманов.

ҚР СІМ мәліметінше, 2016 жылы Мемлекет басшысының Иранға сапары барысында жалпы 1,4 млрд доллар сомаға 48 келісімге, Түркияға сапары барысында – 520 млн долларға 20 құжатқа, Сауд Арабиясына сапары барысында – 200 млн-ға 10 келісімге, Жапонияға сапары барысында – 1,2 млрд-қа 13 құжатқа, Оңтүстік Кореяға сапары барысында – 640 млн долларға 24 келісімге қол қойылды.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары барысында 6,3 млрд доллар сомасына бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту