Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп әзірлеген 2017 - 2022 жылдарға арналған инвестициялар тарту жөніндегі ҚР Ұлттық стратегия жобасы қаралды.

Анықтама:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Kazakh invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды. Компания Қазақстан Үкіметінің атынан трансұлттық компаниялар және ірі инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде жұмыс атқарады. Компанияның басқарма төрағасы ретінде Мақсат Қабашов тағайындалды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 06 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту