Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясының Қытай Халық Республикасындағы ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасының төрағасы Чжи Шупинмен алғашқы кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына кіруі мен шектеулерді жою мәселелерінің бірқатарын талқылады. Атап айтқанда, Қытай тарапы ҚХР-дың жеткізуші компаниялар тізіліміне енгізу үшін биыл сәуірде қой еті өндірісінің жүйесін және ет өңдеуші кәсіпорындарды тексеретінін растады. Екі жақ та Қазақстаннан Қытайға экспортталатын 34 өнімге қатысты ветеринарлық және фитосанитарлық талаптар Хаттамалары жобаларын келісімдеу үдерісін жылдамдататын болды. Сондай-ақ, Қазақстан тарапы ел аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға арналған біріккен зертхана құру және оны тіркеу бастамасын көтерді.

Айта кетейік, кездесу қорытындысы бойынша көршілес елге экспортталатын бидай кебегі партияларына қойылатын тексеріс, карантин және санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылды.

Аталған келісімнің арқасында қазақстандық бизнесмендер тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін экспорттау мүмкіндігіне ие болады және де бұл үрдісті алғашқылардың бірі болып жүзеге асыру мүмкіндігі «Huoerguosi Irbis International Trading Co LTD» компаниясының үлесіне тиіп отыр.

Өз кезегінде, компанияның бас директоры Марат Дәулетқалиев осындай тиімді шешімдердің астық экспортына серпін беретінін атай отырып, сындарлы келісім үшін кәсіпкерлер атынан Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 31 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту