Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында еліміздің 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықты бағыттары, күтілетін нәтижелері мен кезеңдік мақсатты бағдарлары талқыланды.

Экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру мен орташа мерзімді келешекте ел дамуының жүйелі әрі тұрақты саясатын жүргізу мақсатында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өз жолдауында Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» атты 2025 жылға дейінгі Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін өсімнің жаңа үлгісі экономика өсімінің жылдық орташа қарқынын 5-6% деңгейіне жеткізуге бағытталатын болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 31 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту