ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында аталған әлеуметтік жаңғыртудың өзекті бағыттары мен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша БҚО еліміздің дамуының негізгі көрсеткіштерінің өсуіне елеулі үлес қосқан, оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және т.б. салалар бар.

Сондай-ақ, кездесу аясында өңірдің одан әрі дамуында жоғарғы маңызға ие, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды. Өз баяндамасы кезінде Б. Сағынтаев биыл «Нұрлы жер» Бағдарламасы аясында 10 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты, оның ішінде 1,6 млн шаршы метрі - мемлекеттік инвестициялар есебінен. Үкімет тарапынан Бағдарламаның жергілікті жерлерде нақты іске асырылуына қатысты барлық қажетті шаралар қабылданған. Осыған орай жергілікті атқарушы органдар жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесіне жауапты.

Жалпы, Премьер-Министр Бағдарламаның іске асырылуы тек құрылыс саласын дамытып қоймай, сондай-ақ экономиканың сабақтас секторларының да дамуына ықпал ететінін айтты.

Б. Сағынтаев «Нұрлы жер» - сервистік экономиканың дамуына бірегей мүмкіндіктер ұсынатынын атап өтті. Жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға берудің арқасында жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сонымен қатар, жиһаз және тұрмыстық өндіріс тәрізді қарапайым заттар экономикасы да дами бастады.

Кеңес барысында, сондай-ақ, «Қазақстанның Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ басқарма төрайымы Л. Ибрагимова, «Болашақ-Т» ҮҚК ЖШС жетекшісі Б. Сахаров, БҚО Жәнібек ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы Б. Әліпқалиев, «Ақас агрофирмасы» ЖШС басшысы Қ. Ашығалиев және Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы С. Закария сөз сөйледі.

Бұдан өзге, өз өңірлерінде Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары әкімдерінің орынбасарлары есеп берді.

Одан әрі, кеңес аясында ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова сөз сөйледі. Олар білім беру мен денсаулық сақтаудың заманауи жүйелерін құру барысы, сонымен қатар Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады.

ҚР Президенті Н. Назарбаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстанның экономикалық өсімінің жаңа үлгісінің негізінде адам капиталының сапалы дамуы болуы керек. Осыған орай ҚР Үкіметі еліміздің әлеуметтік жаңғыруын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыруда.

Кеңес қорытындысы бойынша, Премьер-Министр бүгін сындарлы диалог жүргізілгенін атап өтіп, жауапты мемлекеттік органдарға аталған мәселелердің барлығын бақылауға алуды тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту