ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал трансформатор зауытына барды, сонымен қатар өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын дамыту жоспарларымен танысты.

Зауытты аралау барысында Премьер-Министр электр қалқан жабдығын өндіру цехын аралап, кәсіпорынның алдағы жоспарлары туралы есепті тыңдады.

Орал трансформатор зауыты ИИДМБ аясында іске қосылған. Мұнда жоғары қуатты таратқыш май және құрғақ трансформаторлар, сонымен қоса жылына 10 000 дана болатын өндіріс көлемі бар тартушы трансформаторлар өндіріледі.

2016 жылы трансформатор зауыты шетел инвесторларымен бірлескен кәсіпорын ашты, және 100 жұмыс орнын ашумен, электр техникалық жабдығын шығару жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаевқа индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында тұрғызылған, «Батыс Пауэр» газ турбиналық электр станциясын таныстырды.

Газ турбиналық электр станциясының бірінші кезегін іске қосу туралы ел Президенті 2015 жылы «Қазақстанның жаңа индустриялануы» жалпыұлттық телекөпір кезінде айтқан болатын. ГТЭС бірінші кезегінің іске қосылуының облыс үшін стратегиялық маңызы бар, себебі ол облыстың импорттаушыларға энергия тәуелділігін толығымен жойды. Сонымен қоса, келешекте Ресей Федерациясына электр энергиясын өткізу арқылы экспорт көлемін ұлғайту жоспарланған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту