Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевті қарсы алды.

Сонымен қатар мәртебелі мейманды ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин, сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев, Қазақстанның ӨР-дағы елшісі Е. Өтембаев қарсы алды.

Бұл Шавкат Мирзиеевтің Өзбекстан Республикасының Президенті ретіндегі Қазақстанға алғашқы ресми сапары.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізеді, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 22 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту