2020 жылдан бастап республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт абсолюттік шама теңгеде тіркеледі. Бұл туралы Сенатта «Теңдестірілген және ашық бюджет - елдің табысты және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі» атты парламенттік тыңдауда ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Болашақ ұрпақ үшін мұнайдан түсетін кірісті жинақтау мақсатында 2020 жылдан бастап республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт абсолюттік шама теңгеде тіркеледі. Сонымен бірге жаңа ережеге бірқалыпты ауысу үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері кезең-кезеңмен төмендетіледі. Яғни 2018 жылы - 2 трлн. 600 млрд. теңге; 2019 жылы - 2 трлн. 300 млрд. теңге; 2020 жылы және алдағы кезеңде - 2 трлн. теңге», - деді Б. Сұлтанов.

Мұнымен қоса министр орта мерзімді перспективада жалпы ішкі өнімге қарағанда бюджет тапшылығын 1 пайызға дейін төмендету жоспарланып отырғанын, бұл өз кезегінде ел экономикасының сыртқы факторға тәуелділігін төмендетіп, қарызға қызмет көрсету бойынша бюджетке жүктемені азайтатынын атап өтті.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 17 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту