ҚР Премьер-Министрі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласының сол жақ жағалауындағы тұрғын-үй және әкімшілік ғимараттардың 70%-ын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-1-дің қайта жөндеу жұмыстарын тексерді.

Сондай-ақ, Б. Сағынтаевқа өңірдің басымдықты жобаларының бірі болып табылатын ЖЭО-3-тің құрылыс жұмыстары туралы есеп берілді. Қазіргі уақытта жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген және мемлекеттік сараптамадан дәйектеме алынған.

Жобаның мақсаты – тиімділігі мен сенімділігі төмен көптеген қазандықтардың қуаттылықтарын алмастыру, жылулық жүктемелердің өсімін жабу, технологиясы тиімді жылу және электр энергиясы өндірісінің экологиялық таза көзін қалыптастыру.

Жобаны іске асыру жергілікті өндірістердің дамуына және «Қаражыра» кен орнынан көмір өндіруді қоса алғанда, олардың ұзақ мерзімді қызмет көрсетуіне ықпал ететін болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту