Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында мемлекеттік өңірлік саясатты дамыту мәселелері талқыланды. Сараптамалық кеңес мүшелері республикадағы ағымдағы жағдайға алдын ала талдау жүргізді және аталған мәселе бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.

Талқылау қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев сәйкес мемлекеттік органдарға сарапшылармен бірге ұсынылған ұсыныстарға терең зерттеу жүргізуді және келесі отырысқа келісілген позицияларды енгізуді тапсырды.

Еске салсақ, экономика мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен құрылған және оның бірінші отырысы 2016 жылғы 9 желтоқсанда өтті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 13 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту