ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысының қорытындысында жылу маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ мереке күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуы бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Отырыс барысында Премьер-Министр азаматтарды жылумен қамту және апаттық жағдайларды болдырмау бойынша баяндамаларды тыңдады. Б. Сағынтаев өңір әкімдері жылу маусымын өткізуге тікелей жауапты екендігін атап өтті.

Осыған байланысты Премьер-Министр ҚР Энергетика министрлігіне ЖЭС-тердегі, қазандықтар мен жанармай құю бекеттерінде отын қорын бақылауда ұстауды тапсырды. Өңірлердің әкімдеріне жылумен қамтуды үнемі бақылап отыруды жүктеді.

Сонымен қатар, Премьер-Министр мереке күндері Ішкі істер министрлігіне күшейтілген қызмет режиміне көшуді тапсырды. Жаңа жылдық шаралар өткізілетін орындарда өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті бақылауда ұстауды, автокөліктердің жолдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту қажет екендігін айтты.

Тапсырмалардың орындалуын қадағалауды Премьер-Министр өзінің орынбасары Асқар Маминге жүктеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 желтоқсан 2016

Мұрағат

Желтоқсан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту