ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) 2016-2020 жылдарға арналған Негізгі операциялар жоспарына қол қою рәсімі өтті.

Шара барысында Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстан БҰҰ Балалар қорымен одан әрі ынтымақтастыққа маңызды көңіл бөлетінін айтып өтті. Ол алдағы бес жылдық кезеңге арналған Негізгі операциялар жоспарын іске асыру ұлттық деңгейде балалардың құқықтарын тиімді және жан-жақты ілгері жылжыту мен мүдделерін қорғау бойынша тағы бір қадам болатынына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы Юрий Оксамитный өз баяндамасында БҰҰ Балалар қорының ҚР Үкіметімен өзара іс-қимылының тиімділігін және қордың Қазақстанмен ынтымақтастық жасау тәжірибесі Орталық Азияның барлық өңірі үшін үлгі болып табылатынын айтып өтті.

БҰҰ Балалар қорының қызметі Қазақстандағы балалардың жағдайын жақсартумен байланысты нақты жобаларды іске асыруға, соның ішінде бала және ана өлімін төмендетуге, балалар үшін достық әлеуметтік орта құруға, инклюзивті қоғамды дамытуға, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтерді азайтуға, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оған жол бермеуге, ювеналды әділетті дамытуға бағытталған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 12 қазан 2016

Мұрағат

Қазан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту