ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ведомсто атқарған жұмыстың 8 айдағы қорытындысын айта келе, отандық туризмді дамыту бағыттарына тоқталды.

Министрдің айтуынша, қазір туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп жатыр екен.

Экономикасы дамыған 20 ел үшін (Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Британия, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония мен Оңтүстік Корея) визасыз режім орнаған.

Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтарынан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері мен экономикасы, саясаты тұрақты дамыған 14 ел үшін визасыз режім іске қосылады (барлығы 48 мемлекет).

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның ішкі туризмінде өсім байқалған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2016 жылдың бірінші жарты жылында ішкі туризмнің өсімі 6 пайызды құраған. Ішкі туризмнің дамуы бойынша, Бурабай, Алматы, Алакөл, Бұқтырма бағыттары бұрынғыдай сұранысқа ие туристік жерлер болды.

Сондай-ақ, Қазақстанда қонақ үйлердің саны артқан. Осыдан он жыл бұрын Қазақстанда 871 қонақ үй болса, қазір олардың саны 2 441 қонақ үйге жеткен. Бұл қонақ үйлер 2015 жылы 73 млрд теңгенің қызметін көрсеткен. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 11 қазан 2016

Мұрағат

Қазан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту