Ақтөбе облысына сапармен келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев жергілікті полицейлерге қару-жарақ айналымына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Тұрғымбаев өңір қоғамдастықтарымен кездесіп, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ақтөбе облыстық ішкі істер, төтенше жағдайлар және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылығымен жеке құрамымен нұсқаулық кеңес өткізді. Онда ІІД, ТЖД және Ұлттық гвардия басшыларының аталған бағытта атқарып жатқан жұмыстары бойынша  баяндамалары тыңдалды.

Осыдан кейін вице-министр Ақтөбе облыстық полициясы горнизонының жеке құрамына Мемлекет басшысының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын түсіндіріп, полиция жұмысын жетілдіру әдістерінің қажеттілігіне айрықша назар аудартты. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғау деңгейін арттыру, қару-жарақ айналымы мен көші-қон ағынына бақылауды күшейту қажеттігін баса айтты.

Тұрғымбаев облыстық ІІД бастығы Махамбет Әбісатовпен бірге 14 адамды қабылдады. Қабылдау барысында кадр мәселесі, тергелетін қылмыстық істер қаралды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 06 қазан 2016

Мұрағат

Қазан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту