Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сингапур Парламентінің мүшесі, Құрметті аға министр Го Чок Тонгпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, өзара сауда-саттық көлемін арттыру үшін жағдайлар тудыру қажеттігін атап өтті.

Келіссөздер барысында ұлттық әл-ауқат қорлары және даму институттары бойынша жоғары технологиялар саласында әріптестік орнатудың перспективалары нақтыланды.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев пен Го Чок Тонг қаржылық қызмет көрсетуді реттеу мен қадағалау бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім, ғылым саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 26 қыркүйек 2016

Мұрағат

Қыркүйек
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту