Қазанның 3-і күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков «Қарулы Күштер Ардагерлері» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің президиумымен кездесті.

– Біз Қарулы Күштер ардагерлеріне ризамыз. Олардың арқасында әскердегі және әскерге шақырылушы жастарға патриоттық тәрбие беруге көптеген пайдалы жұмыстар атқарылды, – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі. – Ардагерлер бірлестігі шын мәнінде бізге Қарулы күштерге белсенді түрде көмек көрсете алатын күшке айналды.

Отанымызға жанқиярлықпен қызмет еткендер бүгінде Қазақстан армиясына офицерлер корпусының кәсібилігін арттыруға, өз көмектерін көрсетіп келеді. Олар әскерге шақырылушы жастармен кездеседі, ата-аналармен бірге жастарды армия қатарына өздерінің конституциялық борышын өтеуге аттандырады, бұл әрине жақсы дәстүр.

Қарулы Күштер Ардагерлері бүгінде сапта: жас азаматтарға өздері өмірде басшылыққа алған патриоттық идеяларын үйретуден жалықпайды.Олар жеңіл жол таңдаған жоқ, өз жолдастарын жолда қалдырмады, аспандағы жұлдызға қол созбады. Жұлдыздар олардың өздерін тапты, алғыс пен мақтауға ие болды. Болашақ Отан қорғаушылардың сөзімен айтқанда, Отанға шексіз қызмет етудің өнегесі болған ардагерлермен кездескен әрбір сәт олардың мәңгілік естерінде қалмақ.

Кездесу соңында қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстан армиясының запастағы және отставкадағы генералдары мен офицерлеріне белсенді патриоттық жұмыстары үшін алғыс айтты, сонымен бірге «Қарулы Күштер Ардагерлері» Республикалық Қоғамдық бірлестігі ұйымдастыру жағынан күшейіп, халықаралық салада өз қызметінің бағытын кеңейте түсуі қажеттігін атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 Астана мен Алматы қалаларында 10 мың және 20 мың орындық студенттік қалашықтар салынатын болды.
Бұл туралы бүгін селекторлық режимде өткен Үкімет отырысынан соң журналистерге сұхбат берген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Біз бүгін Мемлекет басшысы алдыға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін болашақта елордада 10 мың орындық, ал Алматыда 20 мың орындық студенттік қалашық салу жөніндегі жобаны дайындаудамыз. Жалпы еліміздің аймақтарында 14-16 мың жатақхана бой көтеретін болады. Студенттердің баспаналарына барлығы 34 миллиард теңге қажет. Сонымен қатар министрлік жөндеу мен қайта жаңартуға жататын жатақханалардың тізімін жасауда. Бұған қоса жеке жоғары оқу орындарының басшыларына студенттерді баспанамен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді»,-деді министр.
Оның айтуынша, студенттерді алдағы 5 жылдың ішінде 100 пайыз баспанамен қамтамасыз ету мүмкін емес. «Егер біз баспана мәселесін 75-80 пайызға шешетін болсақ, әлемдік деңгейде алғанда да бұл жақсы көрсеткіш болады. Ал әзірге еліміздің студенттері 30-35 пайызға ғана баспанамен қамтамасыз етіліп отыр»,-деді Б.Жұмағұлов.

ҚазАқпарат

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевты қабылдады.
М. Есенбаев Мемлекет басшысын агенттіктің кәсіпкерлік пен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді төмендету, шағын және орта бизнесті дамыту үшін монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі қызметі туралы хабардар етті.
Парламентке мемлекеттің экономикаға араласуын барынша қысқартатын, ұлттық заңнаманың үйлесімділігін қамтамасыз ететін және монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыратын мемлекеттік монополия мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы енгізілді.

ҚазАқпарат

Қазанның 3-і күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Болгария Республикасының Экономика, энергетика және туризм министрі Трайчо Трайковпен кездесті. Кездесу қорытындысына сәйкес, экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім жасалды.
«Біз Болгарияны энергетикалық және транзитті-көліктік аспектілер тұрғысынан маңызды орналасқан негізгі мемлекеттердің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл ретте Қазақстан мен Болгария транзитттік мемлекеттер болып табылады, және менің ойымша біздер үшін транзиттің әлеуетін дамыту мәселесі аса маңызды болып табылады», - деді кездесу барысында Ә. Исекешев. Оның айтуынша, Қазақстанда болгариялық компаниялардың қатысуымен 55 компания жұмыс істесе, Болгарияда бұндай 35 компания бар. Ал екі мемелкет арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 250 млн. долларды құраған.
Өз кезегінде мәртебелі мейман Т. Трайков Болгария үкіметінің Қазақстанда жұмыс істегісі келетін компанияларға ынталандыру шараларын қолдап отырғанын мәлім етті.

ҚазАқпарат

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеевтің ККМ, ҚМ, ЭДСМ, ӘМ, МГМ, ЖРБА, Ақтөбе, Қызылорда, ОҚ, Жамбыл, Алматы облыстарының әкімдіктері және ҚТЖ өкілдерінің қатысуымен өтккізген селекторлық кеңесінде ҚР Көлік және коммуникация министрі Б.Камалиев «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының іске асырылу мәселелері жайында есеп берді.
Анықтама: Қазірігі уақытта жоба бойынша құрылыс жұмыстары Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ұзақтығы 1 715 км 34 учаскеде жүргізілуде. Жобада 23 бас мердігер және 80 еншілес мердігер ұйымдары, 35 мыңнан астам адам жұмыс атқаруда, 6 мың техника, 30 асфальт-бетон, 24 цемент-бетон зауыттары және 32 уатқын құрылғы жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары негізінен кестеге сай жүргізілуде. Бүгінгі күнге 19,2 млн. куб м жер төсемі (жылдық жоспардың 74% ), 550 км шағылтас негізі салынған (75%), 522 км жол төсемі (70%), оның ішінде 135 км цемент-бетон (68%) төселген.
Кеңес қорытынды бойынша ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеев бірқатар тапсымалар берді, оның ішінде көлік жіне коммуникация министрлігіне мердігерлік келісім-шарттар шеңберінде жұмыс жүргізу кестесінен қалып қойған мердігерлік компанияларға өтімді шаралар қолдануды; мұнай және газ министрлігіне «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыруға қажетті ЖЖМ-ға (дизельдік отын) квота бөлу мәселесін қарастыруды; көлік және коммуникация министрлігіне және облыс әкімдіктеріне жер телімдерін сатып алу жұмыстарын ширатуды тапсырды.

ҚазАқпарат

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов ел педагогтарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Барлығыңызды келе жатқан мереке - Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!», - деп жазды К.Мәсімов 1 қазан күні өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Толығырақ http://pm.kz, сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov и http://vkontakte.ru/kmassimov сайттарынан қараңыздар.

ҚазАқпарат

Қазанның 1-і күні Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымы Денсаулық сақтау министерлерінің Үшінші ислам конференциясы жұмысын қорытындылады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова барлық делегация мүшелеріне тығыз ынтымақтаса атқарылған жемісті жұмыстары үшін алғысын айтты. Үш күн бойы қызу талқыға түскен, бірлесіп шешуді қажет ететін барлық мәселелер мұсылман елдерінің денсаулық сақтау саласының жетекшілері ендігі кезекте бас қосатын жиында жалғасын табатынына үміт білдірді.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар басты құжат Астана декларациясын және тағы бірқатар қарарларды бірауыздан қабылдады. Және Денсаулық сақтау министрлерінің Төртінші Ислам конференциясы 2013 жылы Индонезия астанасы – Джакартада өтетін боп келісілді.

Үшінші Ислам конференциясының негізгі құжаты – Астана декларация негізгі үш бөлімнен тұрады: олар – 2005 жылы қабылданған халықаралық медициналық-санитарлық ережелер талаптарын орындауға мүмкіндік жасайтын денсаулық сақтау жүйесін күшейту, ана мен бала денсаулығын жақсарту, қаны аздықпен және инфекциялық емес аурулармен күрес, дәрі-дәрмек және вакцина өндірісінің әлеуетін құру, сонымен қатар Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінде полиомиелитті тамырымен жою.

Конференцияның қорытынды бөлімінде Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Абдель Беиз Бухари сөз алып, Үшінші ислам конференциясының аса жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, Астана декларациясы АИТВ/ЖҚТС, туберкулез, безгек сияқты аурулармен күрестегі ортақ міндеттерді тағы бір мәрте нақтылай түскенін атап көрсетті.

ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстан халқының асқан қонайжалылығы үшін зор алғысын білдіріп, мұндай жылы жүзді кездесулер Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерін ортақ табысқа жетелеуге оң ықпал ететітіндігін айтты.

Қорытынды жиында сонымен қатар Иран Ислам республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Хомаюм Химати, Индонезия Денсакулық сақтау министрінің орынбасары Тияндра Йога Адитама сөз алып, жоғары деңгейде өткен Үшінші ислам конференциясы ұйым елдері арасындағы ынтымақтастыққа берік негіз қалайтынын мәлімдеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова үш күнге созылған конференция жұмысын қорытындылап, осы күндері ішінде барлық қатысушылар жұмыстың негізгі бағыттарын қамтуға тырысып, қажетті құжаттар қабылдағанын, ол өз кезегінде ұйым елдері арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін беріп, жемісті жұмысқа жол бастайтынына сенім білдірді.

Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін қонақтар Астанадағы бірқатар медициналыұқ нысандарды аралап көрді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің 2012 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2013 жылға арналған мақсат-міндеттеріне арналған алқа отырысы өткізілді.
Алқа жұмысына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің облыстар, Астана мен Алматы қалаларының, көліктегі органдары мен ұйымдарының басшылары, АҚШ-тың Орталық Азия өңірі бойынша инфекциялық ауруларды бақылау орталығының (CDC), «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты.
2012 жылы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыруға, бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға, қызметтің жұмысының инновациялық бағыттылығын дамытуға және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
2012 жылы республикада тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық жағдай сақталды. Халықтың обамен, тырысқақпен, паратифпен, дифтериямен, полиомиелитпен сырқаттану оқиғалары тіркелген жоқ.
Инфекцияның 32 нозологиясы бойынша сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, оның ішінде жіті вирустық гепатиттер – 36,3%-ға, көк жөтел – 35,8%-ға, күйдіргі – 33%-ға, бруцеллез – 17,4%-ға, кене энцефалиті –17,5%-ға, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – 14%-ға, жіті ішек инфекциялары – 12,3%-ға, туберкулез – 5,7%-ға, сальмонеллез – 5,8%-ға, қызамық 3,4 есеге, қызылша 2,3 есеге төмендеді.
Өткен жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы Қазақстанның «полиомиелиттен еркін ел» сертификатын растады және «безгектен еркін ел» сертификатын берді.
2012 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде міндеттер орындалды: обамен, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен, туберкулезбен, АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша индикаторлық көрсеткішке қол жеткізілді, зональдық вирусологиялық зертханалар желісі құрылды, пневмококк инфекциясына қарсы егуді кезең-кезеңмен енгізу жалғастырылды.
Өткен жылы халықты ауыз сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалады. Республика тұрғындарының орталықтанған жабдықтау жүйелерінің суымен қамтамасыз етілуі 82,5% -дан 87,7%-ға дейін артты.
Есепті жылы республикада мектеп оқушыларының денсаулық жағдайы жақсарды. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту арттырылды.
Алқаның жиынының қорытындысында Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М. Бекшин бірінші кезекте Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын және денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған және 2013 жылға арналған міндеттерді айқындады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекет, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызметін күшейту, инфекциялық емес сырқаттанушылықтың алдын алу, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шеңберінде нормативтік құқықтық базаны үйлестіру, кәсіпкерлік субъектілерді дамыту үшін әкімшілік кедергілерді азайту, рұқсат ету құжаттарын оңтайландыру, тексерулерді азайту, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жандандыру, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

ҚР ДСМ Баспасөз қызметі

Мұрағат

Мамыр
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту