Санкт-Петербор қаласындағы Константинов сарайында ШЫҰ-ға мүше елдер Үкімет басшылары Кеңесінің шағын құрамдағы отырысы басталды.
Оған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Ресей Премьер-министрі Владимир Путин, Тәжікстан Премьер-министрі Акил Акилов, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао, Қырғызстан Премьер-министрінің міндетін атқарушы Омурбек Бабанов, Өзбекстанның бірінші вице-премьері Рустам Азимов қатысуда.
Ұйымның бақылаушы-мемлекеттерінен Үндістанның энергетика министрі Сушил Кумар Шинде, Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Реза Рахими, Моңғолияның бірінші вице-премьері Норовын Алтанхуяг, Пәкістан Премьер-министрі Сайед Юсуф Раза Гилани қатысады. Олар ШЫҰ ҮБК кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысады.
Кездесу биыл аталып өтілетін ШЫҰ-ның он жылдығы аясында өтіп отыр. Іс-шараның күн тәртібінде болашақта ұйымның қызметін жетілдіру, сауда-экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық, ауыл шаруашылық, гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты алға жылжыту жөніндегі тәжірибелік шаралар қаралады.
Сондай-ақ ШЫҰ үкімет басшылары аймақтық және әлемдік күн тәртіптегі ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады. Отырыс қорытындысы бірлескен коммюникеде және отырысқа қатысушылар қол қоятын бірқатар шешімдерде көрініс табады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қазақстан, Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері кіретін субаймақтық халықаралық ұйым болып табылады. Иран, Үндістан, Моңғолия және Пәкістан елдері ұйымда бақылаушылар мәртебесіне ие.

ҚазАқпарат

Қарашаның 7-сі күні аппарат отырысында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев ведомствоға жаңа вице-министр Ләззат Танысбайды таныстырды. Бұған дейін Танысбай Ләззат Мұратқызы «Қазақстан»РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды. Сондай-ақ, «Хабар»Агенттігі», ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарды атқарды.
Ләззат Танысбайдың еңбек тәжірибесін ескере отырып, Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев жаңа вице-министрге ақпарат саласын дамытуда нақты тапсырмалар берді. Атап айқанда, мемлекеттік телеарналардың рейтингін арттырып, отандық БАҚты дамытуды жаңа деңгейге көтеру.

ҚазАқпарат

Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, Ұйым аясындағы көпжақты өзара іс-қимылдарды әрі қарай дамыту жөніндегі бірқатар бастамалар көтерді.
Кәрім Мәсімов өз сөзінде, ШЫҰ өткен 10 жылдың ішінде - экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылдар саласындағы стратегиялық маңызды міндеттерді жүзеге асырудың маңызды тетігіне айналғанын атап көрсетті.
ШЫҰ аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бастауы болған Үкімет басшылары кеңесінің бірінші отырысы 2001 жылдың күзінде Алматыда өткен еді.
«Өткенге көз сала отырып, осы аралықта атқарылған жұмыстардың тауар айналымының өсуіне, экономикалық ықпалдастықтың кеңеюіне, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға, нормативтік-құқықтық базаны құруға және дағдарысқа қарсы шаралардың уақтылы қабылдануына қолдау болғанын сеніммен айна аламыз»,- деп атап көрсетті Қазақстанның Үкімет басшысы бүгінгі отырыста.
Кәрім Мәсімов, Үкімет басшылары кеңесінің отырысы елдер арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту жолындағы тағы бір маңызды кезең болатындығына сенім білдірді.
Премьер сондай-ақ, қазіргі уақытта әлемнің жетекші елдерінде экономикалық өсудің баялау, АҚШ және Еуропада қаржылық жағдайдың нашарлау, капитал ағымының азаю үрдісі байқалып жатқанын атап көрсетті.
«Өкінішке орай, өткен аптада болған G-20 кездесуі әлемдік экономиканың әрі қарай даму мәселесіне нақтылық енгізген жоқ. Менің ойымша, ШЫҰ аясындағы кездесулерде біз экономикалық мәселелерді талқылау мүмкіндігіне иеміз, және бүгін шағын құрамда өткен отырыста біз өз елдерімізде жүргізіліп жатқан дағдарысқа қарсы шаралар бойынша пікірлер алмасу үшін экономика, қаржы министрлері мен орталық банк жетекшілерінің деңгейінде тұрақты консультациялар өткізудің мүмкіндігін талқыладық»,- деді Кәрім Мәсімов.
Премьер-Министр, Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешекте сауда-экономикалық саладағы бірлескен өзара іс-қимылды нығайтудың, күш-жігерлерді үйлестірудің, сондай-ақ әлемдік қаржылық экономикалық дағдарыстың салдарын еңсерудің маңызды алаңына айналуы керек екенін атап көрсетті.
«Және осы бағыттағы жұмыс белсенділігін арттыру мақсатында бірқатар ұсыныс жасалды: біріншіден, әлемдік экономикалық конъюнктурадағы ағымдағы тәуекелдерді азайту жөніндегі тетіктерді жасау мақсатында, ШЫҰ аясындағы экономикалық ынтымақтастық бірлескен Мемлекетаралық резервтік банк немесе қор құру арқылы жүргізілуі керек. Бұл шара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуде қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және резервтік капитал болып табылады»,- деді Кәрім Мәсімов.
«Екіншіден, күтіліп отырған жаһандық қаржылық дағдарыстың жаңа толқынын ескере отырып, ШЫҰ аясында біз осы мәселе бойынша консультациялар өткізу және өзара іс-қимылдарды нығайту мүмкіндігіне иеміз», - деді Премьер.
Үшіншіден, жаңа технологиялар мен ғылыми-техникалық алмасулар саласындағы ынтымақтастықты дамыту Ұйымға қатысушы елдердің гүлденуіне өзіндік «кілт» бола алады. Айта кету керек, Қазақстан 2012 жылдың І жартыжылдығында Астанада ШЫҰ Ғылым министрлерінің екінші кеңесін өткізу туралы ұсыныс енгізді.
ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың келесі бір өзекті мәселесі ауыл шаруашылығы кооперациялары болып табылады.
«Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы өзара іс-қимылдарды жолға қою азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аграрлық сектордағы өндірістің өсуіне және ШЫҰ кеңістігіндегі тауар айналымының артуына сеп болады. Қазақстан 2012 жылдың І жартыжылдығында Астанада Ұйымға мүше елдердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің екінші кеңесін өткізуді ұсынады. Кеңеспен қатар ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көмесін және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша конференция өткізуге болады»,- деді Премьер.
Үкімет басшысы сондай-ақ, Ұйым аясындағы экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты тереңдету үшін құрылған Іскерлік кеңес пен Банкаралық бірлестік бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыруға белсендірек атсалысулары керек екенін айтты.
Оған қоса, Қазақстан трансшекаралық өзен суларын пайдалану бағытында алғашқы бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын бастауды, тәжірибе алмасуды, оқу және тәжірибелік семинарлар ұйымдастыруды ұсынуда.
Гуманитарлық сала бойынша Премьер, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру салаларындағы ынтымақтастықты, жастар арасындағы байланыстарды, төтенше жағдайларды ескерту және олардың салдарын жоюдағы байланысты жалғастыру керектігін айтты.
«Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз жаңа сілкіністер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұра аламыз, өңірдегі тыныштық пен тұрақтылықты, ШЫҰ кеңістігіндегі тұрып жатқан халықтардың тұрмыс деңгейін көтере аламыз», - деп түйіндеді сөзін Кәрім Мәсімов.

www.pm.kz

7 қарашада ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында «Щучинск-Бурабай демалыс аумағындағы» сауықтыру орталығының кіреберісі» автомобиль жолы учаскесінің (2,1-8,9 км) құрылыс жұмысының барысымен танысты.
Анықтама: Щучинск-Бурабай демалыс аумағындағы» сауықтыру орталығының кіреберісі» автомобиль жолы учаскесінің (2,1-8,9 км) құрылысы бойынша бас мердігер - «Казахдорстрой» ЖШС, авторлық қадағалау - «Алматы Жолжоба» ЖШС, инженер қызметі - «Ирмаст А» ЖШС, жұмыстың жалпы құны - 3 776,5 млн. теңге, іске асырылу мерзімі - 2010-2011 жылдар.
Мердігер кепілдік мерзімнің сақтандыру және кепілдік паспортты беру бойынша жұмыстар жүргізуде. Одан кейін 5% аударым сомасы ( 96,6 млн. теңге) төленеді.
Жұмыс тобы нысанды тапсырды. Қазіргі уақытта нысанды мемлекеттік комиссияға тапсыру бойынша дайындық жұмыстары атқарылуда.
Министр Б. Камалиев учаскені аралау барысында «Казахдорстрой» ЖШС мердігер компаниясының басшысы Б.Исабаевтың жоба бойынша жұмыстардың аяқталуы туралы және «Ирмаст А» ЖШС және «Ақмолажоллаборатория» ММ инженерлік қызметтері басшыларының нысандағы орындалған жұмыстардың сапасы туралы есептерін тыңдады.
Нысандарды аралаудың қорытындысы бойынша министр Б. Камалиев Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облыстық департаментіне жұмыстардың уақытылы және сапалы аяқталуын және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

ҚазАқпарат

Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамыту үдерісіндегі ең өзекті мәселелердің бірі –орнықты экономикалық кооперация жүйесін құру болып табылады. Келешекте Ұйым сауда-экономикалық саладағы бірлескен өзара іс-қимылды нығайтудың, күш-жігерлерді үйлестірудің, сондай-ақ әлемдік қаржылық экономикалық дағдарыстың салдарын еңсерудің маңызды алаңына айналуы керек.
Бүгін Санкт-Петербургте өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында делегация басшылары Ұйым аясындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Үкімет басшыларының бүгінгі кездесуі Ұйымның 10 жылдығы аясында өтті. Осы 10 жылдың ішінде экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығы арта түсті. Қатысушы елдер осы аралықта сауда-саттық, инвестициялық, гуманитарлық салалардағы кооперацияларды нығайту жөніндегі біраз жұмыстар атқарды.
«ШЫҰ Үкімет басшылар кеңесі өз жұмысын 2001 жылдың күзінде Алматы қаласында бастады. Содан бергі 10 жылдың ішінде ШЫҰ - экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылдар саласындағы стратегиялық маңызды міндеттерді жүзеге асырудың маңызды тетігіне айналды»,- деп атап көрсетті бүгінгі отырыста Қазақстанның Премьер-Министрі.
Кәрім Мәсімов, бүгінгі отырыстың Ұйымға мүше елдер арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту жолындағы тағы бір маңызды кезең болатындығына сенім білдірді. Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта әлемнің жетекші елдерінде экономикалық өсудің баялау, АҚШ және Еуропада қаржылық жағдайдың нашарлау, капитал ағымының азаю үрдісі байқалып жатқанын атап көрсетті.
«Өкінішке орай, өткен аптада болған G-20 кездесуі әлемдік экономиканың әрі қарай даму мәселесіне нақтылық енгізген жоқ. Менің ойымша, ШЫҰ аясындағы кездесулерде біз экономикалық мәселелерді талқылау мүмкіндігіне иеміз, және бүгін шағын құрамда өткен отырыста біз өз елдерімізде жүргізіліп жатқан дағдарысқа қарсы шаралар бойынша пікірлер алмасу үшін экономика, қаржы министрлері мен орталық банк жетекшілерінің деңгейінде тұрақты консультациялар өткізудің мүмкіндігін талқыладық»,- деді Кәрім Мәсімов.
Премьер-Министр, Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешекте сауда-экономикалық саладағы бірлескен өзара іс-қимылды нығайтудың, күш-жігерлерді үйлестірудің, сондай-ақ әлемдік қаржылық экономикалық дағдарыстың салдарын еңсерудің маңызды алаңына айналуы керек екенін атап көрсетті. Және осы бағыттағы жұмыс белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Үкіметі бірқатар ұсыныс жасады.
Біріншіден, әлемдік экономикалық конъюнктурадағы ағымдағы тәуекелдерді азайту жөніндегі тетіктерді жасау мақсатында, ШЫҰ аясындағы экономикалық ынтымақтастық бірлескен Мемлекетаралық резервтік банк немесе қор құру арқылы жүргізілуі керек. Бұл шара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуде қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және резервтік капитал болып табылады.
«Екіншіден, күтіліп отырған жаһандық қаржылық дағдарыстың жаңа толқынын ескере отырып, ШЫҰ аясында біз осы мәселе бойынша консультациялар өткізу және өзара іс-қимылдарды нығайту мүмкіндігіне иеміз», - деді К.Мәсімов.
Үшіншіден, жаңа технологиялар мен ғылыми-техникалық алмасулар саласындағы ынтымақтастықты дамыту Ұйымға қатысушы елдердің гүлденуіне өзіндік «кілт» бола алады. Айта кету керек, Қазақстан 2012 жылдың І жартыжылдығында Астанада ШЫҰ Ғылым министрлерінің екінші кеңесін өткізу туралы ұсыныс енгізді.
Төртіншіден, ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың тағы бір өзекті мәселесі – ауыл шаруашылығы кооперациялары болып табылады.
«Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы өзара іс-қимылдарды жолға қою азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аграрлық сектордағы өндірістің өсуіне және ШЫҰ кеңістігіндегі тауар айналымының артуына сеп болады. Қазақстан 2012 жылдың І жартыжылдығында Астанада Ұйымға мүше елдердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің екінші кеңесін өткізуді ұсынады. Кеңеспен қатар ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көмесін және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша конференция өткізуге болады»,- деді ел Премьері.
Үкімет басшысы сондай-ақ, Ұйым аясындағы экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты тереңдету үшін құрылған Іскерлік кеңес пен Банкаралық бірлестік бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыруға белсендірек атсалысулары керек екенін айтты.
Оған қоса, Қазақстан трансшекаралық өзен суларын пайдалану бағытында алғашқы бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын бастауды, тәжірибе алмасуды, оқу және тәжірибелік семинарлар ұйымдастыруды ұсынуда. Ал гуманитарлық сала бойынша денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру салаларындағы ынтымақтастықты, жастар арасындағы байланыстарды, төтенше жағдайларды ескерту және олардың салдарын жоюдағы байланысты жалғастыру керек.
«Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз жаңа сілкіністер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұра аламыз, өңірдегі тыныштық пен тұрақтылықты, ШЫҰ кеңістігіндегі тұрып жатқан халықтардың тұрмыс деңгейін көтере аламыз», - деп түйіндеді сөзін Кәрім Мәсімов.
Отырысқа Ресей Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин, Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябао, Тәжікстанның Премьер-Министрі Акил Акилов, Қырғызстанның бірінші вице-премьері Өмірбек Бабанов, Өзбекстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов, ШЫҰ Бас хатшысы Марат Иманалиев, сондай-ақ ШЫҰ жанындағы бақылаушы елдердің өкілдері - Үндістанның энергетика министрі Сушил Кумар Шинде, Иранның бірінші вице-президенті Моххамад Реза Рахими, Моңғолияның бірінші вице-премьері Норовын Алтанхуяг, Пәкістанның Премьер-Министрі Сайед Юсуф Раза Гилани қатысты.

www.pm.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің жұмысының қорытындысы бойынша Үкімет басшылары бірқатар қорытынды құжаттарға қол қойды.
Оның ішінде ШЫҰ 2012 жылға арналған бюджеті туралы, Ұйым аясында жобалық қызметті одан әрі дамытудың шаралар тізімі туралы құжаттар да бар.
Сонымен қатар, ШЫҰ кеңістігі мен әлемдегі экономикалық жағдай туралы бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірлескен коммюникеге қол қойылды.

ҚазАқпарат

Жексенбі, 6 қарашада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына аттанып кетті.
Бүгін Ресей астанасында К.Мәсімов зымыран-ғарыш саласының бірқатар нысандарын, оның ішінде Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясын, Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындаудың Ғылыми-зерттеу сынақ орталығын және Хруничев атындағы МҒНӨЦ-ті аралап көріп, Ресейғарыш басшылығымен кездеседі.
Осы күні кешке елдің Премьер-Министрі таяу күндері қайта жөндеуден өткізілген Үлкен театрда болып, режиссер Дмитрий Черняков қойған Глинканың «Руслан мен Людмила» операсын тамашалайды деп күтіліп отыр.
Үлкен театр - Ресейдегі ірі және әлемдегі опера және балет театрларының ішінде аса маңызды орынға ие. Театрдың ғимараттар кешені Мәскеудің орталығында, Театр алаңында орналасқан. 2005 жылдың 1 шілдесі мен 2008 жылдың 28 қазаны аралығында театр қайта жөндеуде болып, осы арқылы танымал ғимараттың тарихи әлпетінің көптеген жоғалтылған бейнелері қайта жандандырылып, оны әлемнің аса мықты жабдықталған театр ғимараттарының қатарына қосты.

ҚазАқпарат

Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін барша мұсылман қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
«Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Миллиондаған мұсылмандар үшін төзімділік, жақыныңа деген қамқорлық тәрізді жоғары адамгершілік құндылықтарымен маңызды бұл мейрам баршаңызға ырыс-берекесін сыйласын»,- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.
Дүниежүзі мұсылмандары бұл күндері Құрбан айт мерекесін тойлауда. Биыл Құрбан айт 6-8 қараша аралығында тойланады.

ҚазАқпарат

Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясына жұмыс сапарының аясында бүгін Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясында болды.
Мәскеу облысының Королев қаласында Кәрім Мәсімов «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясында болып, ондағы Технологияларды дамыту және кадрлар дайындау орталығын аралады. "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясының президенті Виталий Лопота орталықтың құрылу тарихымен таныстырды.
Қазақстанның Үкімет басшысы сондай-ақ, «Энергия» ЗҒК-ның бақылау-сынақ стансасымен танысты.
Экономиканың ғылыми қамтымды және жоғары технологиялық секторы ретінде толыққанды ғарыш саласын құру еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі инновациялық-индустриялық мемлекеттік бағдарламасының басымдықты бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағытта Қазақстан үшін маңызды басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғарыш жобаларын жүзеге асыру болып табылады.
«Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы - Ресейдің стратегиялық кәсіпорны, басқарып ұшырылатын ғарыш жүйелерімен айналысатын негізгі кәсіпорын болып табылады. Корпорация қызметінде жаңа ғарыш технологияларын әзірлеуге, оның ішінде түрлі мақсаттағы мамандандырылған автоматты ғарыш жүйелеріне, ғарыш аппараттарын орбитаға шығаруға арналған зымырандық жүйелерге көбірек назар бөлінуде.
Бұл корпорация 1993 жылдан бастап Халықаралық ғарыш стансасының ресей сегментін дайындап, 1998 жылдан бастап оның жұмысын жүргізе бастады. Сондай-ақ «Протон» және «Зенит-3SL» типтегі зымырантасымалдағыштардың сатылары ретінде пайдаланылатын екпін блоктары да осында жасалады. 1999 жылдан бастап корпорация қызметкерлері АҚШ, Украина және Норвегия компанияларымен бірлесіп, «Зенит-3SL» зымырантасымалдағышымен орбитаға ұшырылатын коммерциялық серіктерді ұшыруға арналған «Теңіз старты» теңіз базасы зымыран-ғарыш кешенін құрумен және іске қосумен айналысты.
«Энергия» ресейлік корпорациясы сондай-ақ, Байқоңыр ғарыш айлағының жағдайында қолдану үшін «Теңіз старты» кешенінің «Жер үстіндегі базасының» зымыран-ғарыштық кешенін жасауға атсалысты.

www.pm.kz

 Мәскеуде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындаудың Ғылыми-зерттеу сынақ орталығында болып, тұңғыш ғарышкердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ғарышкерлерді дайындау орталығында К.Мәсімов ғарышкерлерді дайындау орталығының нысандарын, оның ішінде «Союз-ТМА» ҒК тренажерлер залын, центрифуга мен РС МКС тренажерінің макетін көрді.
ҒДО ҒЗИ - Подмосковьедегі Жұлдыздар қалашығында 1960 жылдың 11 қаңтарында құрылған ғарышкерлер дайындайтын басты кеңестік және ресейлік мекеме. 1960 жылдардың соңында орталыққа планетаның ағашқы ғарышкеріне орай Юрий Гагарин есімі берілді. Орталықтың негізгі қызмет бағыты барлық түрдегі және мақсаттағы басқармалы ғарыш аппараттары үшін барлық мамандықтардың ғарышкерлерін іріктеу және дайындау болып табылады.

ҚазАқпарат

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту