Бейсенбі күні, 25 сәуірде, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында еліміздегі су тасқыны кезеңінің қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин шара спикері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

www.primeminister.kz

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннермен кездесті.

Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесуде тараптар қорғаныс өнеркәсібі және цифрлық даму салаларында ынтымақтастықты күшейту перспективаларын талқылады.

«Бізді Германияның цифрландыру, адам капиталын дамыту және инновациялық экожүйелер саласындағы тәжірибесі қызықтырады. Сіздің елде бұл бағыттар дамыған, біз германиялық компаниялардың экономиканың барша секторындағы, әсіресе цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы ұсыныстарын қарауға әзірміз», - деді Асқар Жұмағалиев.

Тараптар өзара тиімді нәтижелерге жеткізетін ықпалдастықты одан әрі нығайту ниеттерін қуаттады.

ҚазАқпарат

Нұр-Сұлтан қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық  жөніндегі Қазақстан-Грузин үкіметаралық комиссиясының 10-ыншы отырысы өткізілді.

Комиссияның қазақстандық бөлігін Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ал грузин бөлігін Грузияның Экономика және орнықты даму министрі Натела Турнава басқарды. Сонымен қатар, отырысқа екі ел министрліктері мен мүдделі компаниялардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында екі жақты ынтымақтастықтың  сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, ақпараттық технологиялар мен инновациялар, ғылым, туризм, десаулық сақтау, өнеркәсіп және өзге де салалардағы мәселелер талқыланды.

Р.Скляр 2019 жылдың 2 айында тауар айналымының 29%-ға артуына әкелген өзара экспортты ілгерілету бойынша өткізілген жұмысқа оң баға берді (10-нан 13 млн.АҚШ долларына артты). Қазақстандық экспорттың көлемі де бидайды 11-есеге артық, сондай-ақ табиғи газ және резина мен пластмассаны өндеуге арналған құрал-жабдықтарды экспорттау нәтижесінде  29%-ға артты.

Сонымен қатар, тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша жүргізілген жұмысты оң бағалап, бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды қабылдау, жеткізу мерзімін қысқарту және Транскаспийлік дәліз бойынша жүктердің көлемін арттыру арқылы екі елдің транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Басқосуды қорытындылай келе, екі елдің министрлері Комиссия құрылған күннен бастап өзін екі жақты мәселелерді талқылау мен оларды шешу үшін маңызды механизм әрі қолайлы алаң ретінде танытқандығын атап өтті.

Комиссияның 10-ыншы отырысының нәтижесінде тиісті хаттамаға қол қойылды.

Анықтама:

Қазақстандық статистиканың мәліметіне сәйкес Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы тауар айналымының көлемі 2018 жылы 87 млн АҚШ долларын құрады, ол 2017 жылғы көрсеткіштен 34,6%-ға артық (64 млн.АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасынан Грузияға экспорт 2018 жылы 53,6 млн АҚШ долларын құрады, ол 2017 жылмен салыстырғанда 38,5%-ға көп (38,7 млн АҚШ доллары).

Грузияның Қазақстан Республикасына импорты 2018 жылы 33,4 млн АҚШ долларын құрады, ол 2017 жылмен салыстырғанда 28,9%-ға артық (25,9 млн АҚШ доллары).

ҚазАқпарат

2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесу өткізді.

Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, екіжақты тауар айналымының көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, дәстүрлі және баламалы энергетика, атом өнеркәсібі және ғылым, қорғаныс-өнеркәсібі кешені, авиация, ауыл шаруашылығы, қазақстандық экологиялық таза өнімді экспорттау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету перспективалары қаралды.

Екі елдің Үкімет басшыларының пікірінше, екіжақты тауар айналымының қазіргі көлемі ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар екенін көрсетеді.

«Біз Қазақстанды елеулі экономикалық нәтижелерге қол жеткізіп жатқан ел деп санаймыз. Екіжақты қарым-қатынас орнатқанымызға өте қуаныштымыз», — деп Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан, бірлескен жұмыс келешекте көлемді ұлғайтып, өзара іс-қимыл құрылымын кеңейтуге және ауқымды жобаларды іске асыруға жол ашатынына сенім білдірді. — Мажарстан алдағы уақытта да Қазақстанға ашық болып, экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырады».

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сенімді қарым-қатынастар экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті.

«Мажарстан – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың одан әрі кеңейе түсуін құптаймыз», — деп А. Мамин, Мажарстан кәсіпкерлерін Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға белсене қатысуға және өзара іс-қимылды дамытудың жаңа формаларын бірлесіп іздеуге шақырды.

Қазақстан мен Мажарстанның Үкімет басшылары екі ел арасындағы өзара сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады. Нұр-Сұлтан қаласында биыл 29 сәуірде 100 венгр бизнесменінің қатысуымен өтетін Қазақстан–Мажарстан Стратегиялық кеңесінің отырысы сауда көлемін одан әрі ұлғайтудың және тауар айналымының құрылымын кеңейтудің жаңа құралдарын анықтауға жол ашады.

www.primeminister.kz

Аса мәртебелі Елбасы!

Құрметті съезд делегаттары, жолдастар!

Ең алдымен, бүгін маған зор сенім артып, «Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Президенттігіне үміткер етіп ұсынған Елбасыға шын жүректен алғыс айтамын!

Мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлғаның маған арфтқан жауапкершілік жүгін бүкіл болмысыммен сезінемін!

Сондықтан, сенімге серт беріп, үлкен үміттің үдесінен шығу үшін бар қажыр-қайратымды жұмсаймын!

Партия төрағасы, Елбасы 19 (он тоғызыншы) наурыз күні өзінің тарихи Үндеуінде: «Тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, мәңгілік елімізді сақтай біліңдер» деді!

Әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапқан бұл сөздер менің де бойтұмардай бұлжымас ұстанымым болады.

Қазіргі аумалы-төкпелі заманда құбыламыздан жаңылмау үшін біздің бағытымыз айқын!

Байтақ елімізді бекемдеп, болашағымыздың бағдарын бекітіп берген Елбасы аманаты бізді биік белестерге жетелейді.

Кешегіні ұмытпай, келешекті ұлықтау –киелі Тәуелсіздік алдындағы басты парызымыз!

Біз осы бақты бағалай білсек қана асқар асуларды бағындыра аламыз!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев іргесі берік, өзегі мықты, қуатты мемлекет құрды.

Кеңес Одағының құрсауынан шыққан Қазақстан күллі әлем мойындаған беделді елге және бейбітшілік белдеуіне айналды.

Тұрақтылықтың, татулықтың, тұтастықтың арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы болды!

Елінің ертеңін ойлаған Елбасы Есілдің бойына жаңа Елордамызды орнатты.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы дүние жүзі өкілдерінің басын қосып, ауқымды мәселелерді талқыға салатын жаһандық орталықтардың бірі ретінде қалыптасты.

Рухани бай мұраларымыз зерделі ұрпақтың зейінін ашып, көне тарихты қайта жаңғыртты.

Осының бәрі теңдессіз тұлғаның тегеурінді істері арқылы жүзеге асқанын дана халқымыз жақсы біледі!

Сондықтан, Тұңғыш Президентіміздің жеңісті, жемісті жолын жалғастыруды мен аса мәртебелі міндет әрі қасиетті парыз деп санаймын!

Елбасымыз айқындаған стратегиялық бағыт әрқашан біздің айнымас бағдарымыз, адастырмас темірқазығымыз болады!

Уважаемые однопартийцы, товарищи!

Я пойду на выборы, чтобы продолжить стратегический курс Первого Президента – Елбасы на всестороннее развитие нашей страны.

Свою задачу вижу в обеспечении преемственности политики нашего Лидера.

За годы Независимости Казахстан под руководством Елбасы совершил уникальный в истории прорыв от бедности и хаоса к стабильности и процветанию. Именно Первый Президент, Лидер нашей партии обеспечил мир, спокойствие, национальное единство и общественное согласие.

Казахстан, которому мировые политики и эксперты прочили распад и разруху, уверенно вошел в категорию конкурентоспособных стран мира.

Благодаря воле и лидерству Елбасы мы создали новое государство, построили новую столицу, заслуженно названную в честь ее основателя и главного архитектора. Наконец, наш Лидер создал качественно новую нацию, нацеленную на успех в модернизации всего государства.

Наш народ объединен идеей дальнейшего продвижения вперёд на основе развитой экономики, эффективной социальной политики, духовной модернизации.

Мы будем твёрдо и последовательно проводить этот курс нашего Лидера.

Прежде всего, мы продолжим реализацию Пяти институциональных реформ и Плана нации, других стратегических документов, разработанных Елбасы.

Наша партия будет настойчиво и эффективно осуществлять курс Елбасы на достижение социальной справедливости, прогресса и развития.

Третья модернизация, автором которой является наш лидер, обеспечит динамичное развитие страны во всех сферах, будь это технологии, индустрия, образование или бизнес и социальное обеспечение.

19 марта 2019 года Елбасы – Первый Президент Нурсултан Абишевич Назарбаев открыл новую главу в истории нашего государства. Своим решением он снискал еще большее уважение всего мирового сообщества. По сути, наш Лидер явил миру политическую инновацию, ставшую предметом пристального наблюдения и изучения со стороны многих политиков и экспертов.

Нурсултан Абишевич Назарбаев – политик глобального масштаба и таковым остается в мировой истории.

Предстоящие выборы дадут новый импульс прямому, плодотворному диалогу между властью и обществом, в целом – политической модернизации Казахстана.

Уверен, Партия «Нұр Отан» будет продолжать вносить свой существенный вклад в укрепление единства нашего многонационального общества, поведет за собой весь народ к благой цели развития Казахстана.

Елбасы дал нам видение будущего Казахстана. Он разработал Стратегию развития нашего государства.

Осталось только воплотить ее в жизнь.

Со своей стороны заверяю, что буду упорно и честно трудиться, верно служить интересам нашего государства и народа.

Аса құрметті Елбасы!

Қадірлі қауым!

Тарихтың жаңа тарауын бастаған Егемен еліміз тағы бір маңызды кезеңнің алдында тұр.

Елбасының парасатты пайымы ел жылнамасында жасампаздықтың жарқын парағын ашты.

Осындай аса жауапты сәтте Елбасының сенімі, партияның қолдауы маған ерекше күш-қуат береді!

Мен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, игілік және әділет жолын ту етіп, қарқынды дамуды жалғастыруға бар күшімді саламын!

Баршаңызға рақмет!

www.primeminister.kz

2019 жылғы 25 сәуірде Мәскеу қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді.

Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылайды. Аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегін қарау көзделген.

ҚР және РФ Үкіметтерінің басшыларының кездесуі шағын және кеңейтілген құрамдарда өтеді.

www.primeminister.kz

Үкіметтің кезекті отырысында ҚР экономикасына шетелдік инвестициялар тарту мәселелері қаралды. Қызықты сауалдарға жауап беру кулуарларда жалғасын тапты, ал отырыс тақырыбын талқылау баспасөз орталығы алаңында аяқталды, мұнда БАҚ өкілдерінің сауалдарына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ə. Смайылов, АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов, ҚШИКҚ басқарма төрағасы А. Прейманис жауап берді.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ə. Смайылов, ҚР сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов, ҚР әділет министрі М. Бекетаев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының басқарма төрағасы А. Прейманис инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты жетілдірудің жаңа тәсілдері туралы баяндады.

Сондай-ақ өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Алматы қ. әкімі — Б. Байбек, Нұр-Сұлтан қ. әкімі — Б. Сұлтанов баяндады.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі А. Мамин экономика өсімінің тұрақты қарқынын қамтамасыз аясында тікелей шетелдік инвестициялар негізгі драйверге айналуы тиісекернін атап өтті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 15,8% өсіп, $22,4 млрд құрады.

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және инвестициялар тарту жұмыстарын жетілдіру мақсатында ҚР Үкіметі жаңа тәсілдерді қабылдады. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Инвестициялар тарту мәселесі бойынша барлық жауапты шешімдер Үйлестіру кеңесінің қарауына шығарылатын болады. Кеңестің бірінші отырысы биыл мамыр айында өтеді.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға және инвесторлардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді шешу үшін инвестициялық омбудсмен функциялары ҚР Премьер-Министріне жүктелді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы, өз кезегінде, инвестициялар тартудың аймақтық орталығына айналуы тиіс. АХҚО қызметін қамтамасыз ету үшін ерекше құқықтық режим белгіленген: Конституциялық заң қабылданған, инвесторлардың қызметі ағылшын құқығымен реттеледі. Инвестициялар ағымын арттыру үшін АХҚО алаңында инвесторлармен жұмыс жүргізетін бірыңғай экожүйе құрылады, бұл жүйеге барлық даму институттары кіретін болады және «бір терезе» қағидасы аясында жұмыс жасайды.

«Шетелдік инвестицияларды тарту экономиканың дамуына жол ашып, халықтың тұрмыс сапасына қатысты мәселені шешуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін нақты түсінуіміз керек. Әкімдіктер инвесторлармен жұмыстарды өзгертіп, инвестициялар тартудың жаңа алгортиміне қосылуы қажет. Бұл жұмыс айқын үйлестіруді және жоғары оперативтілікті талап етеді. Сондықтан барлығына қойылған міндеттерді шешу үшін жұмылу керек», — деді ҚР Премьер-Министрі А. Мамин.

Үкімет кулуарында журналистердің Қордай маңында болған жол апатынан зардап шеккендердің жағдайлары туралы сұрақтарына Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов жауап берді. Еске салайық, 20 сәуір күні Жамбыл облысының Қордай ауданында ірі жол апаты орын алды.

«Өздеріңізге белгілі, 11 адам көз жұмды. 31 адамнан қазіргі күні ауруханада 9 адам жатыр, оның 3-уі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жай-күйін ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Жансақтау бөлімінде жатқан үшеудің біреуі Өзбекстан азаматы. 6 адам аурухананың түрлі бөлімдерінде ем алуда. 6 адамнан 2-уі Өзбекстан азаматтары, қалғаны - біздің елдің азаматтары», — деді А. Мырзахметов.

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев Алматыдағы марафонда адамдардың ұсталуына қатысты түсінік берді.

«Алдын-ала жоспарланған спорттық шара өтіп жатқан болатын. Оған 17 мың спортшы қатысып жатқан сәттер екі адам шығып плакаттар іліп жүрді. Плакаттар шараның өткізілуіне кедергі жасады. Адамдар тоқтап, бейне және фототүсірілім жасап, солайша, марафонның өтуіне кедергі келтірді…», — деді Е. Тұрғымбаев.

Премьер-министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов журналистердің Нұр-Сұлтан қаласында жеңілрельсті көлік (LRT) құрылысы жобасына қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Нұр-Сұлтан қаласында жеңілрельсті жобаны салуға келсек, бұл құрылыс жалғасуы тиіс. Бұл инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын болады. Қазір Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз осы займды қайта қаржыландыру туралы келісетін шығармыз, яғни ел ішінен осы жобаны қаржыландыру көздері табылатын болады. Онда Мемлекеттік даму банкінің тарапынан қиындықтар туындаған соң, бұл мәселе Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қатысты болады. Біз басқа қаржы көздерінен қайта қаржыландыру жолдарын табамыз», — деді Ә. Смайылов.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында «Хабар» арнасының тілшісі Ә. Смайыловтан «KAZAKH INVEST» АҚ-ның АХҚО басқаруына берілу себептері туралы сұрады.

Ә. Смайылов атап өткендей, жағдайды таразылаған кезде, инвестициялар тартуға қатысты жұмыс жасауда мемлекеттік органдар, әкімдіктер, ұлттық компаниялар арасында үйлестірудің жоқтығы байқалған.

«Жұмыс тобы аясында аталған мәселелерді зерделеп, Үкіметтің тиісті Қаулысын қабылдадық, оған сәйкес АХҚО базасында инвестициялық хаб құрылып жатыр. АХҚО-да барынша қолайлы атмосфера жасалған. Жұмсақ инфрақұрылым құрылған, экспат-орталығы қызмет көрсетеді, онда шетелдік инвесторларға ағылшын тілінде тіркеу, салық есебін қабылдау, жобалар бойынша көмектесу, қаржыландыру бойынша барлық қызмет түрлері ұсынылады», — деді ол.

Ә. Смайыловтың айтуынша, мұнда инвесторларға барынша қолайлы орта жасалған, олар өздеріне қажетті қызметті ала алады. Бұдан өзге, АХҚО аумағында Халықаралық сот, арбитраж орталығы орналасқан, яғни дәл осы АХҚО инфрақұрылымында осындай инвестициялық хаб құруға жағдай жасалған.

«Қазақпарат» ХАА тілшісі өз сауалын «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетовке жолдады, бұл сұрақ АХҚО базасында дәл қазір инвестициялық хабты құру қажеттілігі туралы болды.

Қ. Келімбетовтің айтуынша, бүгінде АХҚО Еуразия аймағындағы елдермен, барлық әлемдік нарықтармен бәсекеге түсе алады. Тіпті посткеңестік кеңістікте үлкен бәсекелестік бар, сондықтан Қазақстанға озық шешімдер қабылдау аса маңызды.

«Бүгінде Қазақстанның ауқымды артықшылықтары бар, себебі біз посткеңестік кеңістіктегі ағылшындық жалпы құқық қағидаттарында жұмыс істейтін экожүйені құрған бірден-бір елміз. Елбасы тапсырмасы бойынша ол үшін Конституцияға өзгерістер енгізілді. Мұның бәрі бізге инвестициялар тарту процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді», — деді АХҚО басқарушысы.

Қ. Келімбетов бұл мақсаттарға ешқандай қосымша бюджет қаражаты қажет емес екенін және қарастырылмағанын атап айтты. Керісінше, барлық үйлестіру институттарының бұл тығыз өзара іс-қимылы белгілі бір бюджет шығындарын оңтайландыруға әкеледі, бұл экономикаға ықпал етеді.

Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының басқарма төрағасы А. Прейманис баспасөз конференциясының модераторының сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі өте маңызды оқиға екенін, келешекте ол ірі инвесторлар үшін маңызды стратегиялық және тактикалық мәселелер шешілетін алаңға айналатынын айтты.

АХҚО құрылымын шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру мақсатында пайдалану - дұрыс әрі логикалық шешім.

«ЕҚҚДБ бірінші күннен бастап АХҚО барлық бастамаларын қолдайды, үздік стандарттарды енгізу бойынша көптеген бірлескен жұмыстар атқарылды, ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейтін қаржылық және сот инфрақұрылымы құрылды. Жаңа инвесторларға елімізге кіру бұрынғыдан да қолайлырақ болады, себебі ол ағылшын құқығымен жұмыс істейді», — деді А. Прейманис.  

www.primeminister.kz

ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Қазақстандағы инвесторлардың қызметі, іскерлік орта және инвестициялық ахуалды дамыту туралы ҚР-дағы «Еуропа қайта құру және даму банкі» өкілдігінің басшысы, Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының басқарма төрағасы Агрис Прейманис айтып берді.

Ол тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Сонымен бірге, әлемде тікелей шетелдік инвестицияларға бәсекелестік артып келеді.

«Осы тұрғыдан біз шетелдік инвестицияларды тарту жүйесіндегі ұсынылған жаңа тәсілдерге қуаныштымыз және бірнеше элементтерге көңіл бөлгім келеді», — деді А. Прейманис.

Оның пікірінше, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі өте маңызды. Келешекте ол ірі инвесторлар үшін маңызды стратегиялық және тактикалық мәселелер шешілетін алаңға айналады.

Сарапшы Астана халықаралық қаржы орталығының құрылымын шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру мақсатында пайдалану дұрыс әрі логикалық шешім екенін атап өтті.

«ЕҚҚДБ бірінші күннен бастап АХҚО барлық бастамаларын қолдайды, үздік стандарттарды енгізу бойынша көптеген бірлескен жұмыстар атқарылды, ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейтін қаржылық және сот инфрақұрылымы құрылды. Жаңа инвесторларға елімізге кіру бұрынғыдан да қолайлырақ болады, себебі ол ағылшын құқығымен жұмыс істейді», — деді А. Прейманис.  

Инвестициялардың басым бөлігі республиканың өңірлеріне келетінін ескере отырып, өңірлердің инвестицияларды тартудың жаңа құрылымына қатысуы қарастырылған, бұл олардың алдында тұрған сын-тегеуріндерді орталықтандырылған түрде шешуге және бірте-бірте жергілікті жерлерге (әкімдіктерде, «Қазақинвест» АҚ жергілікті өкілдіктерінде) тиімді өзара іс-қимыл орнату үшін инвесторлармен жұмыстың қажетті дағдыларын меңгеруге жол ашады.

А. Прейманис ЕҚҚДБ аталған ұсыныстарды қолдайтынын және өз тарапынан инвестициялар тарту жүйесінде жаңа тәсілдердің регламентін әзірлеуге белсенді түрде қатысатынын айтты.

www.primeminister.kz

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО базасында инвестициялық хабты құруға ықпал еткен алғышарттар туралы айтып берді.

АХҚО Қазақстанға инвестициялар тарту және еліміздің инвестициялық имиджін ілгерлету бойынша жұмыстарды үйлестіретін бірыңғай орталық ретінде айқындалды. Ол аймақтық инвестициялық хабқа айналады.

«Бұл мақсаттарға ешқандай қосымша бюджет қаражаты қажет емес және қарастырылмаған», — деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, керісінше, барлық үйлестіру институттарының бұл тығыз өзара іс-қимылы белгілі бір бюджет шығындарын оңтайландыруға әкеледі, бұл экономикаға ықпал етеді.

«Үкіметтің арнайы Жол картасын бекіту туралы шешімі қабылданып жатыр, ол бірқатар шараларды қарастырады: бұл заңнамалық актілерге белгілі бір түзетулер енгізу, халықаралық қаржы орталықтарымен көліктік байланысу және инфрақұрылым мәселелері, салықтық оңтайландыру мәселелері. Қазір түрлі салаларда жеңілдіктер өте көп. Қабылданған шешімнен ең үлкен тиімділік – бұл барлық қаржы институттарының бірлескен жұмысы», — деді Қ. Келімбетов.

Бүгінде АХҚО Еуразия аймағындағы елдермен, барлық әлемдік нарықтармен бәсекеге түсе алады.

«Қазіргі таңда инвестициялар дамыған елдерде қалып отыр, дамушы елдерде олар аз. Тіпті посткеңестік кеңістікте үлкен бәсекелестік бар, сондықтан бізге озық шешімдер қабылдау аса маңызды. Бүгінде Қазақстанның ауқымды артықшылықтары бар, себебі біз посткеңестік кеңістіктегі ағылшындық жалпы құқық қағидаттарында жұмыс істейтін экожүйені құрған бірден-бір елміз. Елбасы тапсырмасы бойынша ол үшін Конституцияға өзгерістер енгізілді. Мұның бәрі бізге инвестициялар тарту процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді», — деді АХҚО басқарушысы.

Қ. Келімбетов АХҚО құру кезінде заңманалық тұрғыдан жаңа экожүйені құру аса маңызды болғанын атап айтты, себебі, әлемдік инвесторлар үшін ағылшындық жалпы құқық қағидаттары өте маңызды әрі таныс.

«2016 жылдан 2018 жыл аралығында дайындық жұмыстары жүргізіліп, барлық институттар құрылды. Бұл АХҚО соты және халықаралық төрелік орталығы. АХҚО-да ағылшындық жалпы құқық қағидаттарын басшылыққа алатын реттеуші жұмыс істейді, ол қаржылық шетелдік институттардың жұмысын бағалай алады және ең бастысы – Орталықтың қажетті қаржылық инфрақұрылымы бар. Елбасы тапсырмасы бойынша бастапқы капиталы $1 млрд болатын тікелей шетелдік инвестициялар қорын құру туралы шешім қабылданды. Мұндай қор АХҚО платформасында құрылып, онда биржа іске қосылды», — деді Қ. Келімбетов.

Қаржы орталығының басқарушысы өткен аптада алғашқы шетелдік эмитент листингі — ресейлік «Полиметалл» компаниясы айқындалғанын айтты. Компания 10 жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда – Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істеп келеді, 2 мыңнан аса жұмыс орнын құрған.

«Бұл компания өзінің акцияларын орналастырды, бұл ең алғашқысы, көптеген инвесторлар үшін инвестициялық әлеуетке және халықаралық қаржы орталығының құзыретіне деген сенім белгісі болады деп ойлаймыз», — деп түйіндеді Қ. Келімбетов.  

www.primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орыбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов «Kazakh Invest» АҚ-ны «Астана» халықаралық қаржы орталығына берудің инвестициялар тарту бойынша ағымдағы жұмыстарға қалай ықпал ететінін айтып берді.

Ә. Смайылов атап өткендей, Үкімет алдында орташа мерзімді перспективада экономика өсімін жылына 5% деңгейінде қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл тиісінше ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағымының жоғарырақ қарқынын талап етеді. Сондықтан аталған бағытта жұмыстарды күшейту бойынша қажетті қосымша шаралар қабылданды.

«Атап айтқанда, біз жағдайды таразылаған кезде, инвестициялар тартуға қатысты жұмыс жасауда мемлекеттік органдар, әкімдіктер, ұлттық компаниялар арасында үйлестірудің жоқтығын аңғардық. Сондай-ақ инвесторларға қолайлы халықаралық стандарттарға сәйкес форматта ұғынықты болуда жобалардың да олқылығы болды. Жұмыс тобы аясында аталған мәселелерді зерделеп, Үкіметтің тиісті Қаулысын қабылдадық, оған сәйкес АХҚО базасында инвестициялық хаб құрылып жатыр», — деді Ә. Смайлов.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары хабтың неліктен АХҚО базасында құрылатынын түсіндіріп берді.

«Себебі мұнда барынша қолайлы атмосфера жасалған. Жұмсақ инфрақұрылым құрылған, экспат-орталығы қызмет көрсетеді, онда шетелдік инвесторларға ағылшын тілінде тіркеу, салық есебін қабылдау, жобалар бойынша көмектесу, қаржыландыру бойынша барлық қызмет түрлері ұсынылады», — деп түсіндірді ол.  

Ә. Смайыловтың айтуынша, мұнда инвесторларға барынша қолайлы орта жасалған, олар өздеріне қажетті қызметті ала алады. Бұдан өзге, АХҚО аумағында ағылшын құқығы жүреді. Мұнда Халықаралық сот, арбитраж орталығы орналасқан, яғни дәл осы АХҚО инфрақұрылымында осындай инвестициялық хаб құруға жағдай жасалған.

«Президент негізгі капиталға инвестициялар үлесін ЖІӨ 30% дейін жеткізу міндетін қойды. Бүгінде бұл 19% деңгейінде. Сондықтан да орташа мерзімді келешекте аталған мақсатты көрсеткішке қол жеткізуді көздеп отырмыз», — деп түйіндеді Ә. Смайылов.

www.primeminister.kz

Мұрағат

Мамыр
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту