Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкіметтік сейсенбі: АЭА дамыту стратегиясы, оқушылардың жазғы демалысы және балалардың тегін ұшуы

Сейсенбі, 21 Мамыр 2019, 14:52:48

Биылғы 21 мамырда Үкіметтің кезекті отырысында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту, 2019 жылғы жаз мезгілінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова жауап берді.

Отырыстың күн тәртібінің бірінші сұрағы — АЭА мен ИА дамыту мәселесі бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, ҚР энергетика вице-министрі Ә. Мағауов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқарушы директоры Ә. Пірметов АЭА аумақтарында индустриялық нысандардың іске асырылуы туралы хабарлады. Жүргізілген инфрақұрылым және жасалған жағдайлар 1 трлн теңгеден астам жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік берді, оның ішінде 27% — шетелдік инвестициялар. 2019 жылдан 2021 жыл аралығында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар аумағында 11,5 мың жұмыс орнын құрумен 320-ға жуық жоба пайдалануға берілетін болады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жүйелі негізде жаңа жобалар мен инвестицияларды тарту жұмыстарын жүргізіп, жұмыс орындарын құру қажет екенін атап өтті. Бұл үшін өңірлерге АЭА мен ИА-ға табысты халықаралық тәжірибелері бар кәсіптік басқарушы компанияларды тарту қажет.

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар өңірлер экономикасының өсу негізіне айналуы керек. Бұл үшін нақты үйлестірілген жұмыс пен сапалы жобалар қажет», — деді А. Мамин.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесін қарау барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындары жанынан жазғы академиялық мектептерді ашу, балалардың мәдени, тарихи, археологиялық ескерткіштерді зерттеуге бағытталған тақырыптық жорықтарға көптеп қатысуын қамтамасыз етуді ұсынды.

Мәдениет және спорт министрлігі елдің барлық кітапханаларында «әдеби ертеңгіліктер» өткізуді, музейлер мен музей-қорықтарда тегін тарихи-өлкетанулық және танымдық экскурсиялар, түрлі пленэрлер өткізуді, барлық ауылдық округтерде «жылжымалы кітапханаларды» ұйымдастыруды жоспарлаған.

Балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спорттың дамуы аясында дене шынықтырумен және спортпен мектеп жасындағы 1,8 млн бала, соның ішінде ауылдық жерлерден 816 мыңнан астам бала қамтылған.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшин биыл Денсаулық сақтау министрлігі балалар демалысының 200-ден астам қала сыртындағы нысанын бақылауға алғанын хабарлады. Жаппай тамақтан және судан улануға жол бермеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен және ҚР ІІМ бірлесіп, барлық маусым кезінде жазғы лагерьлерді қатаң тексеретін болады.

Баяндамаларды тыңдау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл тамақ сапасына, санитарлық жағдайлар мен медициналық жарақтандыруға да қатысты.

«Барлық лагерьлер медицина қызметкерлерімен және тиісті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі тиіс. Қоғамдық орындардағы тамақтану сапасына, тамақтану орындары мен бос уақытты өткізу орындарында санитарлық тазалыққа ерекше көңіл бөлу қажет», — деп тапсырды Асқар Мамин.

Балаларды жазғы демалыспен қамтуды арттыру үшін Премьер-Министр санаторийлер мен туристік базалар, ұлттық саябақтар және жоғары оқу орындары жанында жазғы сауықтыру орталықтарын ашу, жұмыс істемей тұрғандарын оңалту бойынша жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Үкімет отырысының кулуарында ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балаларға тегін әуе тасымалдарын енгізу туралы хабарлады.

«Біз қазір мемлекеттік бағдарлама жобасын енгіздік, оның бекітілуін күтіп жүрміз және туристік қызмет туралы заңға өзгерістер енгіземіз. Шығындардың жабылғаны жақсы. Мәселен, ата-ана ел ішінде демалуға баратын болса, жанында 15 жасқа дейінгі екі бала болса, оларға тегін әуе билеттері беріледі. Ел ішінде тегін. Осының арқасында отандастарымыз шетелге шықпаса, ақша ел ішінде қалады. Яғни, біз шартты түрде 1 теңге субсидиялаймыз, мемлекет балаларға ақша бөледі, 6,5 теңге үнемдейміз. Мерзімі бойынша 2 ай ішінде мүмкін болады», — деді А. Мұхамедиұлы.

ҚР білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова ЖОО-лардағы жемқорлықпен күрес туралы сұраққа жауап бере отырып, Академиялық адалдық лигасының жұмысы жалғасып жатқанын айтты.

«Біз бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Онда 12 ЖОО бар, 10-нан астам ЖОО - үміткер. Тестілік сипаттағы емтихандардан бас тартып, барынша жазбаша түрдегі емтихандарды арттыруды көздеп отырмыз. Бүкіл жүйені электронды форматқа көшіруді ойластырудамыз. Егер мұның бәрі электронды форматта болатын болса, онда қатаң бақылау болады. Анкеталау жүйесінің өзінен басқа, ЖОО-ларда жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жаңа бағыт енгізіліп жатыр. Биыл сауалнама жүргіздік, балалардың 70%-дан астамы жемқорлықпен бетпе-бет келмейтінін айтты, бірақ қалған пайызы біздің бәрімізді ойландыруы тиіс, біз бұл бағытта жұмыс істейтін боламыз», — деді К. Шәмшидинова.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы айтып берді. «Қазақпарат» АА тілшісінің көп балалы отбасылардың балаларын жазғы демалыспен қамтамасыз ету және жолдамалар құны туралы сұрағына жауап бере отырып, Б. Асылова лагерьлерде басымдықпен халықтың әлеуметтік сезімтал топтары тегін демала алатынын айтты. Ондай балаларға жетім балалар, ерекше білім алу қажеттілігі бар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, сонымен қатар оқу үлгерімі үздік балалар жатады.

Лагерьлердегі сауықтыру қызметтерінің бағасы мен тарифін жергілікті атқарушы органдар бекітеді. Жолдамалар құны лагерьде демалған күндеріне сәйкес (10 күн) 10 мың теңгеден 40 мың теңге аралығында болады.

«Время» газетінің тілшісінің еңбек лагерьлері туралы сауалына Б. Асылова ондай лагерьлерге балалар жұмыспен қамту орталықтары арқылы бағытталатынын айтып жауап берді. Еңбекақы төлеу жүйесі іске қосылады.

Вице-министр сонымен қатар жазғы уақытта оқушылардың демалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаңа форматтағы лагерьлерді ұйымдастыру туралы сұрақтарға жауап берді.

Отырыстың күн тәртібіндегі екінші мәселені қарау қорытындысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан келесі жылы лагерьлердің санын арттыру бойынша ұсыныстарына қолдау білдірілді. Премьер-Министр тапсырғандай, нысандар санын мыңға дейін жеткізу керек.

Осылайша, ҚР Үкіметі, әсіресе, жазғы уақытта балаларды сапалы әрі қауіпсіз демалыспен және іспен шұғылданумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, жартылай жұмыспен қамту бойынша ниет білдірушілер үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл шаралар өскелең ұрпаққа денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, тұлғалық және коммуникациялық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Биылдан бастап енгізілетін жергілікті ЖОО-лар базасындағы жазғы мектептер балаларды тілдерді үйрену, АТ технологиялар және робототехника, тарих, филология, биотехнология, кәсіпкерлік және бизнесті жүргізу, құқықтану, сыни ойлау т.б. бағыттар бойынша оқытатын болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
12 Қазан 2020, 12:44
13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2020, 18:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81
09 Қазан 2020, 19:23
Заңға енгізілген түзетулер, электронды әмиянға әлеуметтік төлемдер және зейнетақы жинақтарын пайдалану — Еңбек министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай жүзеге асыруда
09 Қазан 2020, 16:57
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді 
08 Қазан 2020, 19:06
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресейдің ірі компанияларының басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
08 Қазан 2020, 18:44
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
08 Қазан 2020, 18:42
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
08 Қазан 2020, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №638 Қаулысы
08 Қазан 2020, 15:57
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты
08 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №641 Қаулысы
08 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №633 Қаулысы
08 Қазан 2020, 10:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №636 Қаулысы
07 Қазан 2020, 23:04
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз жүргізді
07 Қазан 2020, 16:10
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өткізді
07 Қазан 2020, 14:11
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзі
07 Қазан 2020, 10:53
ҚР Ұлттық ұланының кейбір мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
07 Қазан 2020, 10:10
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы
07 Қазан 2020, 09:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №623 Қаулысы
07 Қазан 2020, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №622 Қаулысы
06 Қазан 2020, 16:11
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.10.2020
06 Қазан 2020, 14:58
Б. Атамқұлов: еліміздің фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестициялар 5,2%-ға өсіп, 4,1 млрд теңгені құрады
06 Қазан 2020, 14:36
Ұлттық тауар өткізу жүйесі азық-түлік тізбегінің шығындарын азайту және бағасын тұрақтандыру мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді — Б. Сұлтанов
06 Қазан 2020, 13:09
Қазақстанның ішкі нарығы тұщы су балықтарымен 100% қамтамасыз етілген – ҚР ЭГТРМ
06 Қазан 2020, 12:37
А. Цой: отандық фармацевтикалық компанияларды қолдау үшін дәрі-дәрмектерді сараптау және олардың сапасын бағалау рәсімдері жеделдетілді
06 Қазан 2020, 10:53
12 тауар позициясы бойынша Қазақстанның ішкі нарығы 100% қамтамасыз етілген — ҚР АШМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.