Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкіметте өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды: сапаны бақылау күшейтілді

Сейсенбі, 15 Қаңтар 2019, 12:11:41

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Б. Бейсенғалиев техникалық реттеу және оны әрі қарай жетілдіру мәселелері бойынша қабылданған шаралар туралы баяндама жасады.

ҚР ИИДМ мәліметтері бойынша, ішкі нарықта өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету және экспортқа жағдай жасау мақсатында 2018 жылы «Стандарттау туралы» ҚР заңы және оған ілеспелі заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бизнесті жаңа талаптарға қайта бағдарлау үшін заңдардың күшіне ену мерзімі 2019 жылдың 11 сәуіріне белгіленді.

 

Еуропа елдерінің тәжірибесіне негізделе отырып қабылданған заң стандарттаудың халықаралық үлгісіне өтуге жағдай жасайды және мыналардан тұрады:

  • стандарттау бойынша жұмыстардың бірыңғай операторы ретінде Ұлттық стандарттау органын белгілеп, ұлттық стандарттау жүйесін құру;

  • «мемлекет-бизнес-тұтынушы» арасында стандарттарды консенсустық талқылау орталығы ретінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мәртебесін арттыру;

  • бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында техникалық ерекшеліктер арқылы мемлекеттік сатып алуда, салалық заңнамада стандарттарды, оның ішінде сапасы бойынша қолдану аясын кеңейту.
     

Бұдан өзге, ИИДМБ-3 міндеттерін іске асыру аясында әрбір тауарлық топ бойынша стандарттан анықталмақ. Бұл өндірушілерді жоғары сапаға бағдарлауға мүмкіндік береді.

Жалпы, Ж. Қасымбектің айтуынша, түзетулер өлшем құралдарын калибрлеуді дамытудың халықаралық үлгісін енгізуге, яғни шығарылатын өнім сапасын арттыруға бағытталған.

«Өнімді ілгерілету кезіндегі техникалық кедергілерді жою бойынша жоспар әзірленді. Басты шаралар ретінде мыналар анықталды: өңделген өнім туралы талаптарды зерделеу және келісу, стандарттарды бейімдеу, сондай-ақ, қазақстандық аккредиттеу жүйесіне аккредиттеуден өтуге үміткер шетелдік сертификаттау органдарын тартуда аккредиттелген және сынақ орталықтары базасын дайындау. Қазіргі уақытта осы жоспарды іске асыруға кірісіп кеттік», — деп түйіндеді Ж. Қасымбек.  

Айта кету керек өнімді ілгерілету кезіндегі техникалық кедергілерді жою бойынша жоспар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесе отырып әзірленген.

Өз кезегінде ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестігі бойынша өнімдердің қауіпсіздігін бақылауда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қазіргі уақытта ҚР ДСМ ЕАЭО техникалық регламенттерінің 20 талабының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде тамақ өнімінің қауіпсіздігі бойынша 10 техникалық регламенттің және азық-түлік емес тауарлардың қауіпсіздігі бойынша 6 техникалық регламенттің және басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп 4 техникалық регламенттің талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 4 жыл ішінде тұтыну нарығына сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының азайғаны байқалады. Мәселен, 2015–2018 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 26%-дан 14%-ға дейін төмендеген.

«2018 жылы өнім қауіпсіздігінің ай сайынғы мониторингі аясында 70 мыңға жуық өнім үлгілері сатып алынды, оның 9740-ы зертханалық сараптама нәтижелері бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген, оның 69%-ы өндірушілер таңбалау стандарттарын сәйкес орындамағаны үшін бұл тізімге кірсе, 23%-ы қауіпсіздік көрсеткіштеріне сай болмаған, ал 7,2%-ында физикалық-химиялық көрсеткіштер сәйкессіздігі табылды», — деді Е. Біртанов.

Сондай-ақ, өсімдік майының құрамы бойынша сүт өнімдерінің 99 сынамасында және шұжық өнімдерінің 143 сынамасында өнімнің жасандылығы анықталды. Жалпы, өнімдердің қауіпсіздігі мониторингінің қорытындысы бойынша сәйкес келмейтін өнімнің негізгі бөлігі, яғни 66%-ы – импорттық өнім, ал 34%-ы – отандық өндірушілердің өнімі.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында 2 мыңнан астам нұсқама берілген, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 1166 болған, 877 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 193 сот шешімі шыққан. Қауіпті деп саналған 22 мың тонна өнім айналымнан алынып, жойылды (2017 жылы — 20,5 тонна). Жалпы сомасы 70 млн астам теңге айыппұл салынды, 2017 жылы – 44,3 млн теңге болатын. Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ҚР АШМ-ге Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы өнімдерінің 18 өндірушісіне қатысты материалдар жіберді. Олар бойынша ветеринариялық-санитариялық шаралар, оның ішінде зертханалық бақылау күшейтілді.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына анықталған сәйкес келмейтін өнімдерге қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін 30-ға жуық хабарлама жіберілді.

Сонымен қатар, камералдық бақылау қорытындысы бойынша сот шешіміне байланысты сыртқы экономикалық қызметтегі 47 қатысушының қызметі тоқтатылып, 2018 жылдың тамыз айынан бастап шартты шығарылым тәртібіндегі балалар ойыншықтарын кіргізуге тыйым салынды. Жалпы, елімізге әкелінетін шартты шығарылым тәртібіндегі тауарлар көлемі 47%-дан 8,6%-ға дейін қысқарды.

Министрлік халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнімдер туралы ақпараттандыру жұмысын күшейткен. Бұқаралық ақпарат құралдарында 4 мыңнан астам іс-шара насихатталған, бұл – 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қарамағынан Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитет құрылады. Ол адам денсаулығына әсер ететін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін, медициналық қызметтер сапасын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы, оның ішінде дәріханалардағы шекті бөлшектеп сату бағаларын бақылау, сондай-ақ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы бақылау қызметін атқаратын болады. Комитетті және оның аумақтық бөлімшелерін құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары 2019 жылғы сәуірде аяқталады», — деді Е. Біртанов.

Ауыл шаруашылығының вице-министрі Б. Бейсенғалиев министрліктің Қытаймен, Парсы шығанағы және басқа да экспортқа бағдарланған елдермен шектеулерді алу бойынша өз қызметтерін атқарып жатқанын жеткізді. Нәтижесінде тауарлардың басым түрлері бойынша ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шектеулер алынуда.

АШМ ақпараты бойынша, қазақстандық өнімдер нарығына қол жеткізу бойынша талаптар мен шарттарды айқындау жөнінде басым елдермен келіссөздер жүргізуді бастау қажет. Бұл ретте, олардың сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануы туралы келісім жасасу мәселесін де шешу керек. Денсаулыққа пайдалы деген өнімдерге қол жеткізу бойынша келіссіөздерді Денсаулық сақтау министрлігі жүргізуі керек. Стандарттарға еркін қол жеткізуді және қолдануды қамтамасыз ету мүмкіндігі үшін отандық өндірушілер тиісті келісімдер жасасуы керек. Шетелдік стандарттарды аудару қарастырылуы керек.

«Бастапқы кезеңде қазақстандық сәйкестік сертификаттарының шетелдік нарықтарда таныла қоймайтынын түсінеміз. Осыған байланысты, жедел шара ретінде Еуроодақ, АҚШ және ҚХР нарығында жұмыс істейтін халықаралық сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды тарту қажет. Бұл үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстанда мұндай органдардың аккредиттеуден өтуін оңайлатып, мерзімдерін қысқартуы керек», — деді Б. Бейсенғалиев.

Келісілген саясатты және экспорттың мемлекеттік қолдау шараларын орталықтандыруды қамтамасыз ету үшін «Қазақстанда жасалған», Qazaq Organic Food, KazMeat, Halal Kazakhstan, KazMai қазақстандық брендтермен байланысты мәселелерді шешу қажет. Яғни, аталған брендтерді беруге, оларды қолдану шарттары мен жауапкершілігі қарастырылуы керек.

ҚР АШМ сондай-ақ, ерекше қасиеттері немесе сапасы бар өнімді өндірумен және өткізумен байланысты мәселелерді реттеу бойынша шаралар қабылдау керек дейді. Мысалы, «халал-индустрия» саласындағы бірыңғай саясатты атап өтуге болады. Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті жанынан ауыл шаруашылығы және тамақ өнімі бойынша нысаналы функциялары бар жекелеген құрылымдық бөлімшелер мен төрағалар орынбасарларының бірліктерін құру қажеттілігі туындап тұр. Б. Бейсенғалиевтің айтуынша, алға қойылған міндеттерді іске асыру тек экспортты ілгерілетуге ғана емес, отандық өндірушілердің заманауи өндірістік стандарттарға көшуіне де ықпал етеді.

Отырыс барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы А. Мырзахметов те сөз сөйледі.

Оның айтуынша, өткен жылдың үшінші тоқсанында 11 мыңнан астам тауар импорттан алынып тасталған. Олардың шамамен 4%-ы тиісті сертификатын уақытында ұсынбаған. көрсетпеген. Осы бағытта биылдан бастап Палата отандық кәсіпкерлерге заңды түрде индустриалды сертификаттар береді. Бүгінгі күні Қазақстандық индустрияны дамыту институтымен бірге өнім номенклатурасы бар тауар өндірушілердің тізілімін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. А. Мырзахметовтың айтуынша, бұл жоба қазақстандық бизнестің дамуына ықпал етеді.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев бүгінде барлық мүмкіндіктер жасалғанын, бизнеске көптеген жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. Осыған байланысты, қоғамдық ұйымдарға отандық нарықта ұсынылған өнімдердің сапасына бақылауды күшейту қажет. Оған қоса, жұмыс нәтижелерін талдап, қажет болған жағдайда кейбір мемлекеттік қызметтерді мемлекеттің бақылауына қайта өткізу мәселесін қарау тапсырылды.

Бұдан өзге, Қазақстан шекарасынан тыс жерлерде отандық брендтерді ілгерілету мәселесін пысықтау тапсырылды. Сырттан әкелінген, экспортталған өнімдерге де сертификаттар беру қажеттілігі аталып өтті. Осыған орай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мемлекеттік бақылауды жетілдіруге бағытталған қажетті заңнамалық шараларды қабылдауды тездету, соның ішінде ақпараттық жүйелер мен контрафактілік өнімді алып тастау тетіктерін енгізе отырып іске асыру тапсырылды. Сонымен қатар, өнеркәсіптік өнімге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциясын бекіту жұмыстарын аяқтау қажет.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.