Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Әлеуметтік әлжуаз санаттағы балалардың 80% жазғы лагерьлерде демалады

Сейсенбі, 21 Мамыр 2019, 11:51:26

Бүгін ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтыруды және іспен шұғылдануын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова баяндағандай, биыл мектептердің жанынан 11 мың лагерь ашылуда, 236 — қала сыртындағы, 1757 — шатырлы лагерьлер.

Лагерлердегі демалыспен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларының 80%-ын, айрықша білім қажеттілігіне мұқтаж балалардың 82%-ын және түрлі салада жетістікке жеткен, девиантты тәрбиедегі балалардың 90%-ын қамту көзделуде. 960 мың бала (33%) жазда құрылыс отрядтарына, орман шаруашылығына және көгалдандыру жұмыстарына тартылады.

Бұдан бөлек, оқушылардың 61% түрлі олимпиадалық резерв жазғы мектептері мен тіл мектептеріне, активистер мен көшбасшылардың мектептеріне қабылданатын болады. Арнайы аула клубтарының жұмысы жақсартылуда. Елімізде жазда 1,5 мыңға жуық аула клубы жұмыс істейді. 

К. Шәмшидинова жазғы демалысты ұйымдастыруға қосымша демеушілер ресурсы да тартылатынын айтты.

«Былтыр экономиканың түрлі салаларындағы компаниялар мен жеке кәсіпкерлер осы шараға атсалысып, 504 млн теңгеге 4 324 баланың демалысын ұйымдастыруға қолдау көрсетті. Биыл да бұл шара жалғасын табады», — деді білім және ғылым министрі.

Негізінен балалар жазғы демалыстарын өздерінің үйреншікті ортасында өткізеді. Балалардың 40%-ы өзінің тұрғылықты жерінен тысқары шығады. ҚР БҒМ олардың демалыс сапасын елімізде қалыптасқан инфрақұрылымды жан-жақты пайдалану арқылы жақсартуды ұсынады.

Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігі тарапынан туристік және санаторий-курорттық ұйымдарды жандандыру, қазақстандық жоғары оқу орындары жанынан жазғы академиялық мектептерді ашу, балалардың «Менің Отаным – Қазақстан» атты мәдени, тарихи, археологиялық ескерткіштерін зерттеуге бағытталған тақырыптық жорықтарға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, қала сыртындағы лагерьлер желісін дамыту ұсынылды. 

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, каникул кезінде жыл сайын тәрбиелік, патриоттық және эстетикалық сипаттағы әртүрлі іс-шаралар кешенін өткізіледі.

2017 жылдан бері ҚР МСМ бастамасымен каникул кезінде республикалық музейлерге, музей-қорықтар мен театрларға оқушыларды тегін кіргізу тәжірибесі енгізілген. Осы жобаның оң тәжірибесін ескере отырып, оны енгізуді жергілікті деңгейде де жалғастыру ұсынылды.

«Бүгінгі таңда балалар мен жастарды әлеуметтік өмірге белсенді тарту үшін барлық өңірлерде кітапханалар базасында коворкинг-орталықтар жұмыс істейді. Мұнда балалар мен жасөспірімдер оқу бағдарламалары аясында шығармашылық және креативті жобаларды іске асыра алады. Өңірлерде 208 коворкинг-орталық жұмыс істейді», — деді А. Мұхамедиұлы.

Елдің барлық кітапханаларында «әдеби ертеңгіліктер» өткізу, музейлер мен музей-қорықтарда белгілі қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, өлкетанушылар, археологтардың қатысуымен тегін тарихи-өлкетанулық және танымдық экскурсиялар, түрлі пленэрлер өткізу, қалалар мен облыс орталықтарында «BookCrossing» акциясын өткізу, ал барлық ауылдық округтерде «жылжымалы кітапханаларды» ұйымдастыру жоспарланған. 

Балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спорттың дамуы туралы баяндай отырып, А. Мұхамедиұлы дене шынықтырумен және спортпен мектеп жасындағы 1,8 млн бала, соның ішінде ауылдық жерлерден 816 мыңнан астам бала қамтылғанын жеткізді.

Тұрғылықты жерлері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын қамтамамыз ету мақсатында мектеп жасындағы балалар арасында қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істеуде — 172 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтыған 570 балалар-жасөспірімдер клубтары, 87 балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубтары жұмыс жасайды. Барлық өңірлерде 80-ге жуық street workout арнайы спорт алаңдары ашылды.

Балалар мен жасөспірімдер туризмінде ішкі көші-қон ағынының оң серпінін жасау үшін растайтын құжатты ұсынған жағдайда «1+2» схемасы бойынша (бір ата-ана үшін екі бала) «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарлануда.

2020 жылдан бастап барлық өңірлерде тегін «Балалар туристік пойызын» іске қосу жоспарлануда. Басымдық әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға, білім беру жарыстарының жеңімпаздарына, үздік оқушыларға т.б. беріледі.

Жазда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қолға алынатыны туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев баяндады.

Ең алдымен, балалардың жарақаттануының алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай, жолдағы қауіпсіздік жөніндегі акция «Абайлаңыз, балалар!» секілді іс-шаралар ұйымдастырылады. Күн сайын балаларды тасымалдайтын автобустар тексеріледі, сондай-ақ, оларды патрульдік полиция көліктері сүйемелдейді. Биылғы маусым айында балаларды жұмысқа орналастыру науқандары өткізіледі. Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктері, әкімдіктермен бірлесіп, суға түсу маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Шомылу орындарында қажетті нұсқамалық өткізіледі. Соңғы қоңырауларды, ҰБТ, бітіру кештерін өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Балаларды сауықтыру, лагерьлерде және басқа да демалыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша жоспарланған шаралар туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшин баяндады.

Биыл Денсаулық сақтау министрлігі балалар демалысының 219 қала сыртындағы нысанын бақылауға алды. Бүгінде олардың 48-і рұқсат құжаттарын алды. ҚР ДСМ ерекше бақылауында — балаларды тамақтандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері. Жаппай тамақтан және судан улануға жол бермеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен және ҚР ІІМ бірлесіп, барлық маусым кезінде жазғы лагерьлерді қатаң тексеретін болады.

Премьер-Министрдің орынбасары Г. Әбдіқалықова балаларға түрлі мекемелер мен ұйымдарда Ашық есік күндерін өткізудің қажеттігін атап айтты.

Вице-Премьер балалардың қауіпсіздігі мәселелерін балалардың өздеріне түсіндіру қажет екенін айтты. Сондай-ақ, жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша балалардың ұсыныстарын жинау қажет. Сонымен қатар, Г. Әбдіқалықова жергілікті атқарушы органдарды көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына, мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жетім балаларға ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Отырыс барысында Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов, Алматы облысының әкімі А. Баталов сөз сөйледі.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.