Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Б. Сағынтаев: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Елбасының ерекше бақылауына алынған

Сейсенбі, 19 Ақпан 2019, 11:06:46

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев баяндады.  

Премьер-Министр Б. Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Елбасының ерекше бақылауына алынғанын атап өтті. Бағдарламаны іске асыру аясында қосылған құнды өсіруді, сондай-ақ экономикадағы шығындарды қысқартуды көздейтін елеулі экономикалық әсер күтілуде. 

Бағдарлама іске асырылған былтырғы жылы біраз бағыт бойынша оң динамика бар. Заңнамалық база жетілдіріліп, өндірісті, бизнесті және мемлекеттік басқаруды енгізудің оңтайланған тәсілдері әзірленді. Сонымен бірге Үкіметтің цифрлық күн тәртібін іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында орталық және жергілікті органдардың цифрландырудың әсерін бағалау мен мониторингтеудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу қажеттілігі туралы айтылды.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне экономиканың жекелеген салаларындағы цифрландырудың әлеуетін белгілеп, сосын шығындардың іс жүзінде қысқаруын ескере отырып, цифрландыру жобаларының тиімділігін есептеудің бірыңғай әдіснамасын жасау, сондай-ақ, мемлекеттік органдармен және АТ-қауымдастықпен цифрлық технологияларды қолдану мәселелері бойынша заң жобасын пысықтауды жетелдету тапсырылды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің деректері бойынша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізгі бес бағыттан, 17 бастамадан және 120 іс-шарадан тұрады. 2018 жылы 20 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Сол жоспарға сай жұмыстар толық орындалды.

«Экономика салаларын цифрландыру» — бірінші бағыты бойынша келесі маңызды нәтижелерге қол жеткізілді — отын-энергетика және тау-кен металлургия кешендерінде Индустрия 4.0 элементтерін қолдану арқылы: 

  • еңбек өнімділігі орташа есеппен 10%-ға артты; 

  • жекелеген өндірістерде электр қуаты 33%-ға дейін үнемделді; 

  • жабдықтарды пайдалану коэффиценті 50%-ға ұлғайды.

Пайдалы қазбалары бар жеті ірі кен орындарына «Зияткерлік кен орны» және «Цифрлық кеніш» жобалары енгізілді. 2019 жылы осындай жүйе бойынша жұмыс жасайтын нысандар санын 12 бірлікке жеткізу жоспарланып отыр.    
 

Тау-кен өнеркәсібінде 102 кәсіпорын «айқын» өндіріс деңгейіне ауыстырылды. Көлікті және логистиканы цифрландыру аясында «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, жол активтерін басқару жүйесі іске қосылды. Оның аясында 16 жылжымалы жол зертханасы өз жұмысын бастады.  

Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру аясында еліміздің 14 пилоттық шаруашылығында дәлме-дәл егіншілік элементтері енгізілген. Осылайша фермерлердің шығындары орташа есеппен 15-20%-ға азайып, астық өнімі 2,5 есеге артты. 2019 жылы «смарт фермаларды» 500 шаруашылыққа дейін жеткізу жоспарланған.

Бағдарламаның тағы бір негізгі бағыты — онлайн сауда жүйесін дамыту. Электронды сауда субъектілеріне қатысты заңнамалық деңгейде салық жеңілдіктері қарастырылған. Бұл жеңілдіктерді е-коммерцияның 331 жаңа субъектісі пайдаланып үлгерді. Қазақстанда ақшасыз, ұялы телефон арқылы қолма-қол есептесу әлемдік трендтерінің бірі дамуда. Мәселен 2018 жылдың қараша айының соңында еліміздегі алты ірі банк пилоттық режимде осы сервиске қосылды. 

«Цифрлық мемлекетке көшу» бағыты аясында бүгінгі таңда білім беру саласының барлық деңгейі цифрландырумен қамтылған. Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың 64%-ы электрондық түрде өтініштер қабылдайды. Ал мектептердің 94%-ында оқушылар электрондық күнделіктер мен журналдарды пайдаланады. Жалпы, бұл бағытты цифрландыру ауылдық және қалалық мектептер арасындағы алшақтықты 30% төмендетуге мүмкіндік берді. 

Денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде электронды құжат беруге медициналық ұйымдардың 99,2% ауысты. Қазақстанның 16,3 млн тұрғынында өңірлік электрондық денсаулық паспорты бар. Дәрігердің қабылдауына бару, сағаттап кезек күту екі есе азайды. Ал анализдердің қорытындысын алу уақыты 2,5 есеге дейін төмендеді. 2019 жылы электрондық денсаулық сақтау паспорттарымен қамтамасыз етуді 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр.  

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру аясында электрондық еңбек биржасы өз тиімділігін дәлелдеді. 2018 жылы 533 мыңнан аса жұмыс іздеуші жұмысқа орналасты, оның ішінде 409 мың азамат тұрақты жұмыс орынын тапты.  

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 752 кмемлекеттік қызметтің 506 түрі автоматтандырылды. Яғни қызмет көрсету уақытын 40%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл орта есеппен алғанда 12 күннен 7 күнге дейінгі мерзім. Сонымен қатар, қағаз айналымы 60 млн анықтамаға дейін қысқарған. 2018 жылы ел тұрғындарына 30 млн қызмет электронды форматта көрсетілді. Астана мен Алматы қалаларында 3 көші-қон, 8 мамандандырылған, 16 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылып, биометрикалық деректер жинау жүйесі іске қосылды. Биыл мемлекеттік қызметтердің 80%-ын электрондық форматқа көшіру, сондай-ақ, 1 цифрлық және 5 көші-қон ХҚКО ашу жоспарланған.  

Мемлекеттік бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінген. 2018 жылы кедендік рəсімдерді онлайн орталықтан бақылауға, баж төлемін есепке алуды жүргізуге мүмкіндік беретін «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Кедендік декларацияларды шығару үшін бұған дейін бірнеше күн және бірнеше сағат қажет еді, ал қазір 1 минутқа дейін қысқартылды. Бүгінде жүйеде 859 мың электрондық декларация тіркелген, оның 85%-ы 1 минут ішінде «жасыл дәліз» арқылы рәсімделген. «Электрондық шот-фактуралар», «тауарларды таңбалау» жүйелері іске асырылды, бұл «көлеңкелі» экономиканы азайтуға мүмкіндік береді. 

«Жалпы, 2018 жылы іске асырылған цифрлық шаралар қазірдің өзінде елімізге 218 млрд теңгеден астам экономикалық пайда әкелді. Цифрландыру есебінен құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 43 мыңнан асады. Биыл жұмыс тәртібі толық орнықты, мемлекеттік органдардың жауапкершілік аумағы іріктелді, ұлттық және жеке компаниялар алдағы мақсаттарын айқындап алды. Сондықтан да жаңа технологияларды енгізуден түсетін экономикалық әсер алдағы уақытта қазіргі нәтижелерден де жоғары болады деп нық сеніммен айтуға болады», — деп мәлімдеді Д. Абаев. 

Өз кезегінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында басым жобалар өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, геология және жер қойнауын пайдалану салаларында іске асып жатқанын айтты.

2018 жылы Өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жеті модельдік фабрикада аудит аяқталды және оларды цифрландыру үшін жол карталары бекітілді. Әр кәсіпорынға шамамен 30 іс-шара ұсынылды. Сонымен қатар, өңірлердің өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ИИДМ мен әкімдіктер бірлесіп, орта және ірі өнеркәсіп нысандарына цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жол картасын бекітті. Биыл 100-ден астам кәсіпорынды цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасатын болады.

«Көлікті және логистиканы цифрландыру» міндеті бойынша «Зияткерлік көлік жүйесі» (ЗКЖ) жобасы іске асырылып жатыр. Жүйе жол-көлік кешенін басқарудың бірқатар мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, көлікті бақылауды автоматтандыру үшін 12 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы енгізілді. Биыл жыл соңына дейін жаңа ақылы учаскелерде тағы да 11 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын іске қосу жоспарланып отыр. 2021 жылға қарай олардың жалпы санын 46 бірлікке дейін жеткізу жоспарлануда.

Жолаушылар тасымалдау саласында қозғалыс кестесін, бағдарын және жиілігін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында пилоттық режимде Облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын диспетчерлеу жүйесі іске қосылды. 2019 жылдың соңына дейін 416 бағдар бойынша 2 мыңнан астам автобус іске қосылады.

Жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында «Жол активтерін басқару жүйесі» тәжірибе ретінде енгізді. Бұл жүйе таңдалған жөндеу стратегиясына байланысты қажетті инвестициялар көлемін және жолдардың техникалық жағдайын болжайды.

Зияткерлік көлік жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі— ақы алу, сондай-ақ жол жағдайы бойынша ақпарат жинау және оны көлік жүгізушілерге ұсыну жүйесі. Бүгінде Алматы — Қапшағай, Алматы — Қорғас және Астана — Теміртау учаскелерінде жалпы ұзындығы 471 шақырым болатын ақы алу жүйесі пайдалануға берілді. Жалпы 2020 жылға дейін ұзақтығы 6,5 мың шақырым болатын 16 учаскеге ақы алу жүйесін енгізу жоспарлануда.

E-SHANYRAQ жобасын іске асыру аясында 2018 жылдың соңында пилоттық режимде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының Бірыңғай Ақпараттық Жүйесі іске қосылды. Соның нәтижесінде жүйеге 5 217 көппәтерлі тұрғын үйдің электронды техникалық паспорты енгізілді және 5 767 түрлі есептеу құралдары қосылды.

Құрылыс саласында Е-QURYLYS бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілуде. Жүйе блокчейн режимінде нысан құрылысы басталғаннан аяқталғанға дейінгі барлық процесті бақылауға мүмкіндік береді.

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес білім беру саласында цифрлық технологияларды дамыту бойынша бірқатар шаралар орындалып жатқанын, осы мақсатта цифрландыру офисі құрылғанын атап өтті.

1–4 сыныптарға арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы бекітілді. Осы оқу жылынан бастап 3-сыныпта оқыту басталды. Келесі оқу жылынан бастап кезең кезенмен қалған сыныптар кіріседі.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76 қадамына сәйкес мектептерде «Информатика» пәнін оқыту 5–9 сыныптарда аптасына 1 сағат немесе жылына 34 сағат және 10–11 сыныптарда аптасына 2 сағат немесе жылына 68 сағатқа дейін көбейді. Сонымен қатар, «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны қайта қаралып, мектепте роботты техника, 3D модельдеу және машинамен оқытудың жүйелері саласында заманауи бағдарламалау тілдері енгізілді.

2018 жылы ірі кәсіпорындарда, жоғары оқу орындары кафедраларының 12 бөлімшелері ашылды. Бүгінгі күні 10 жоғары оқу орнымен практикалық және зертханалық сабақтар өткізу үшін өндірістен кадрлар тартылды. 6 жоғары оқу орны базасында ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік бойынша біліктілік орталықтары ашылды.

Ақпараттық технологиялар саласында қажетті мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайды. 2018 жылы АТ мамандығы бойынша 10 мыңнан астам грант бөлінді.

Мемлекеттік бағдарламаның 87-тармағын іске асыру мақсатында Қ.И. Сәтбаев атындағы университет базасында өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтын құру бойынша жұмыстар жүгізіліп жатыр.

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша Заң қабылданды. Осы жылы ҚР БҒМ 20-дан астам эксперименттік білім беру бағдарламасын бекітті. Осы оқу жылынан бастап бұл бағдарламалар 8 жоғары оқу орнына енгізілді.

Сондай-ақ, ашық білім берудің ұлттық платформасын құру жұмыстары жүргізілуде. Платформада әртүрлі білім курстары, соның ішінде 3D модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік, бағдарламалау, АT тілдері және т.б. курстар болады. Сонымен қатар, білім беруді және ғылымды бірыңғай басқару жүйесін құру бойынша жобаларды іске асырылып жатыр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.