Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Склярдің Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Бүгінгі күні еліміздің индустриялық және инфрақұрылымдық дамуы үш мемлекеттік бағдарламаны іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі: Индустрияландыру, Нұрлы жол және Нұрлы жер бағдарламалары.

2015 жылдан бастап біз индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асырудамыз. Биылғы жыл аяқтаушы болып табылады.

Биылғы жылдың ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 3,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары бойынша оң динамика байқалып отыр. 

Автомобиль жасау секторы машинажасау саласы бойынша жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. А.ж. 6 айының қорытындысы бойынша өсім 47% құрады. Биыл автокөлік құралдрының өндірісін 32 мың бірліктен 60 мың бірлікке дейін арттыру көзделген. Келесі жылы оны шығару 100 мың бірлікке дейін жеткізіледі. Өсім нарықта сұранысты қалпына келтіру және жеңілдікпен автонесиелендіру бағдарламасын іске асыру есебінен болды. 

Биыл Индустрияландыру картасы шеңберінде 449 млрд теңге сомасына 12,6 мың тұрақты жұмыс орнын құрумен 130 жоба іске асырылатын болады

Түркістан, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында жобалардың ең көп саны байқалды. Жобаларды пайдалануға беру бойынша төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында. 

Шілде айында Қарағанды қаласында 32 млрд теңге сомасына ферросилиций шығаратын зауыт пайдалануға беріледі. Оны салу кезінде Индустрия 4.0-ге сай келетін жаңа технологиялық жобалар қолданылды. 

Алматы қаласындағы Индустриялық аймақта диаметрі үлкен болат дәнекер құбырларды өндіру зауыты пайдалануға беріледі. Үш жүз жұмыс орынн құру қарастырылған. 

Ақтөбе облысында керамогранит пен керамикалық плита өндіретін зауыт құрылысы аяқталады. Бұл Орталық Азиядағы жылтыратылған өнімдер шығаратын алғашқы зауыт. 

Экспортты ілгерілетуге бөлінген 500 млрд теңге экономикаға жұмыс істей бастады. Қаражат экспорт алды және экспорттық қаржыландыруға, экспортшылардың тасымалдау шығындарын өтеуге, кеңінен сервистік қолдау көрсетуге бағытталады.  Аталған шаралар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін 2025 жылға қарай $23 млрд-тан $38 млрд-қа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.  

Елбасы қойған «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша міндеттер шеңберінде өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету, агроөнеркәсіп кешені және өндіріс салаларын қолдауға 600 млрд теңге бөлінді.

Биыл наурыз айынан бастап Бағдарлама іске асырудың белсенді кезеңіне кірісті және жылдың 15 шілдедегі жағдай бойынша банктер 50 млрд теңге сомасына 100-ден астам жобаны мақұлдап, 280 млрд. теңгеге жуық сомасына 180 жобаны қарастыруда. 

Тек осы бастапқы жобалар бойынша жыл сайын 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру және салық түсімдерін 6,2 млрд теңгеге ұлғайтуды көздейді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру есебінен 2025 жылға қарай импорт көлемі 59%-дан 37%-ға дейін қысқарады.  

«Қарапайым заттар экономикасы» тауарларын мемлекеттік сатып алулар кезінде отандық өндірушілерді қолдау мақсатында әкімдіктер жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторларды белгіледі. Бірақ а.ж. І жартыжылдықтағы мемлекеттік сатып алулар талдауы әкімдіктердің жоспарланған сатып алулардың тек ⅓ іске асырғанын көрсетеді, бұл ретте жергілікті қамту үлесі орта есеппен небәрі 9% құрайды, минимальді жоспар - 30%. Мысалы, Маңғыстау облысында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сатып алуларда жергілікті қамту үлесі небәрі 2% құрады. Құрылыс материалдарын сатып алуда жергілікті қамту үлесі 0% болған. Батыс Қазақстан облысында жиһаз сатып алуда жергілікті қамту 0% құрады. Қостанай облысында да құрылыс материалдарын сатып алуда жергілікті қамту жоқ. 

Отандық тауар өндірушілерден өнімдер сатып алуда оң димнамика Алматы қаласында және Жамбыл облысында байқалып отыр.  Біз мемлекеттік сатып алулар кезінде жергілікті қамту мониторингі бйынша жұмыстарды жалғастырып, оның үлесін арттыру бойынша тиісті шараларды қабылдайтын боламыз.  

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша көлік қызметтерінің көлемі 5,3%-ға ұлғайды.Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41,2%-ке өсті және 291,4 мың контейнер құрады. 

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық маңызы бар 4,4 мың км автожолдары құрылыспен және реконструкциялау жұмыстарымен қамтылды.

«Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Батыс» дәлізінің және Талдықорған — Өскемен, Үшарал — Достық, Қалбатау — Қапшағай, Жетібай — Жаңаөзен учаскелерінің барлық бойында кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы жыл қорытындысы бойынша 641 км қозғалыс ашу жоспарлануда. 2020 жылы барлық жөнделіп жатқан учаскелерде жол қозғалысы ашылады.

Қаржыландыруды 200 млрд теңгеге дейін ұлғайта отырып жергілікті желінің автожолдарын дамыту шеңберінде қаржыландырудың барлық жұмыс түрлерімен 4,5 мың км қамтылды. Бұл ретте Батыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл және Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің жергілікті желілер жобаларын іске асыруда 50/50 қаржыландыруды сақтау бойынша жұмыстарды нашар жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн. Аталған облыстар бойынша жергілікті бюджеттен толық қаржыландырмау орта есеппен 4 млрд теңгені құрайды. 

Жалпы 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 87%-дан 100%-ға және жергілікті желіні 68%-дан 90%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Келесі жылы МЖӘ арқылы ұзақтығы 74 км Алматы станциясын айналма теміржол желісінің құрылысы басталады. 

Автобус паркін жаңартудың кешенді бағдарламасы шеңберінде биыл өңірлер 1350 автобус сатып алуда. Үш жыл ішінде қосымша 5 мың автобус сатып алу жоспарланып отыр. 

Азаматтық авиация саласында біз биыл 1 мамырда Fly Arystan алғашқы ұлттық төмен бюджеттік авиакомпаниясын іске қостық. Нұр-Сұлтанның халықаралық көлік қолжетімділігін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда. Елбасының тапсырмасы бойынша биыл 6 шілдеде Токиоға тікелей әуе рейсі іске қосылды. Жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтаннан Ұлан-Батор және Прагаға жаңа бағыттар ашылды. Бұл шаралардың барлығы транзиттік авиажолаушылардың өсуіне қол жеткізу үшін бағытталған.

Көлік саласын дамыту бойынша алға қойған міндеттерді одан әрі іске асыру 2025 жылға дейінгі «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілетін болады. Оның шеңберінде 7 мың км республикалық автожолдар қайта жаңартылады, темір жолдар модернизацияланады және электрленеді, вокзал мен станциялар қайта құрылады, темір жол вагондары, сонымен қатар теңіз және су кемелері сатып алынады.

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыра бастағаннан бері 29 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Биыл 6 айдың ішінде тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2018 жылғы деңгейден 15,5%-ға жоғары. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 7,4 теңге жеке инвестиция тартылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін барлығы 118 мың тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде 49 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғын үй жинақ банкі салымшыларының саны 1,3 млн адамға жетті. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 5,7 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 98,1% құрайды. 

Тұрғын үйді іске қосудан көшбасшылар - Түркістан, Қызылорда, Алматы, Қостанай облыстары. Тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Нұр-Сұлтан қаласында және Маңғыстау облысында жеке құрылыс салушылардың белсенділігінің төмендеуіне байланысты тіркелді. Бұл ретте, Нұр-Сұлтан қаласында өткен жылғымен салыстырғанда жылдық көлемнің 16%-ға төмендеуі байқалды. 

Жалпы жылдық жоспарға басқа өңірлердегі құрылыс қарқынының жоғарылауы есебінен қол жеткізу күтілуде. 

Тұрғын үйді уақытылы іске қосу үшін біз құрылыс алаңдарына тиісті инженерлік коммуникацияларды жүргізуге 81,7 млрд теңге қарастырдық. Аз игеру БҚО және Алматы қаласында байқалып отыр. Жалға берілетін тұрғын үйді салуда әкімдікте кезекте тұрғандар үшін артта қалу Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында байқалып отыр. Сонымен қатар несиеге берілетін тұрғын үй бойынша бөлінген 75,7 млрд теңгеден облпигациялар арқылы қаражатты Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдіктері игермеген. 

Елбасының «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салу мен сатып алуды қаржыландыру қарастырылған. 7 жыл ішінде 40 мың отбасы тұрғын үй алатын болады. Биыл мамыр айынан бастап 1610 көпбалалы отбасыға тұрғын үй берілді. Оның ішінде Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының әкімдіктері мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барлығы 55 пәтер берді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің тапсырмаңыз бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға қаржыландыру көлемі ұлғайтылды. Үш жыл ішінде 3 мың жалдамалық пәтерден берілетін болады. Жыл сайын 3 жыл ішінде көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасыларға 2%-бен 6 мың жеңілдікті қарыз беріле бастайды. 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жылдың соңына дейін жаңа редакцияда қабылданады. Оған жылу-сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық секторды жаңғырту және үйлерді жөндеу мәселелері енгізілетін болады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіздің тапсырмаларыңызды орындау Министрліктің ерекше бақылауында. Индустриялық және инфрақұрылымдық саясатты іске асыру қазақстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталатын болады. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу