Арыс қаласында 1469 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

Бір тәулік ішінде құрылысшылар Арыс қаласында тағы 109 тұрғын үйді тапсырды. 18 шілде күнгі мәліметтер бойынша, қалпына келтірілген үйлердің саны 1469-ға жетті.

Тағы 4698 жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты тұрғын үй нысандарында жұмыстар жалғасып жатыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Арыс тұрғын үй қорын қалпына келтіруге елдің 17 өңірі мен республикалық маңызы бар қалалардан 207 құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Бұл шамамен 6868 жұмысшы және 265 арнайы техника.

Айта кетейік, әскери полигонда болған оқиғадан кейін Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85%-і бүлінгені анықталды. ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын қалпына келтіру жұмыстарымен 100-ден 250-ге дейін үй қамтылады. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу